ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «The Pyramids Echo» фестиваліне қатысу үшін Мысыр еліне Димаш...

«The Pyramids Echo» фестиваліне қатысу үшін Мысыр еліне Димаш Құдайберген мен оның командасы келді.

Dimash World «The Pyramids Echo» фестиваліне қатысу үшін Мысыр еліне Димаш Құдайберген мен оның...

«The Pyramids Echo» фестиваліне қатысу үшін Мысыр еліне Димаш Құдайберген мен оның командасы келді.

24 қарашадан бастап Мысырдың Гиза қаласында алғаш рет «The Pyramids Echo» фестивалі өтуде. Бағдарлама мыңжылдықтар даналығы мен сұлулығын сақтап тұрған ерекше тарихи мекенде әлемге әйгілі оркестрлер мен қазіргі дәуірдің музыкалық бағыттарын айқындап отырған вокалистердің бірегей өнер көрсетулерін қамтиды.

Фестивальдің Pyramids Panorama алаңындағы жабылу концерті Қазақстан мен Қырғызстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергенге тапсырылды.


Фестивальдің ашылуы 24 қарашада өтіп, оған әлемге танымал Lang Lang қытай пианисті Royal Philharmonic Concert Orchestra-мен бірге ғаламат бастау берді.

Екінші күні Мысыр елінің танымал музыканттары — Ammar El Sherei мен Hesham Nazih туған елінің мәдениетін таныстырды.

Келесі күні әлемдегі ең танымал оркестрлердің бірі Royal Philharmonic Concert Orchestra көрермендерді Голливуд кинематографиясының әйгілі әуендері әлеміне жетеледі.

Фестивальдің төртінші түні Ливаннан келген Abeer Nehme және Сириядан келген Faia Younan-мен бірге шынай араб түні стилінде өтті.

Бесінші күн пирамидалардың етегінде үздік Мысырлық музыканттарды біріктірді: бас-баритон Ashraf Sewailam, меццо-сопрано Gala el Hadidi, тенор Ragaa Eldin, альтист Sindy Mohamed, сондай-ақ скрипкашылар Mariam Abouzahra және Amira Abouzahra өнер көрсетті.

Бүгін, 30 қараша күні, Димаш Құдайбергеннің халықаралық командасы Мысырға келіп, кешкі шоуға дайындалуда. Алғаш рет жеке концерт дәл осы аңыздармен көмкерілген мекенде — пирамидалар етегіндегі ашық аспан астында өтпек.

Мәдени мұра нысаны жанындағы бұл жеке концертте қазақстандық музыкант Димаш Құдайберген ежелгі Египет құдіретін әлемдік өнермен үйлестіретін сиқырлы шоуын ұсынады

Соңғы жаңалықтар

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...