ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Уругвайдағы Димаштың жанкүйерлері балалар мен әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға...

Уругвайдағы Димаштың жанкүйерлері балалар мен әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға қолдау көрсету мақсатында екі түрлі қайырымдылық шара ұйымдастырды

Dears Уругвайдағы Димаштың жанкүйерлері балалар мен әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға қолдау көрсету мақсатында...

Уругвайдағы Димаштың жанкүйерлері балалар мен әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға қолдау көрсету мақсатында екі түрлі қайырымдылық шара ұйымдастырды

Димаш Құдайбергеннің Уругвайдағы фан-клубы балаларға және әлеуметтік тұрғыдан осал жандарға көмек көрсетуге бағытталған бірқатар қайырымдылық іс-шаралар өткізді. Бұл бастамалар жергілікті ұйымдар мен мұқтаж азаматтарды қолдау мақсатында жүзеге асырылды.

Канелонес департаментіне қарасты Лас-Пьедрас қаласының Лайонс клубында «Сау омыртқа» атты терапиялық йога бойынша қайырымдылық мастер-класс ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушылар саны көп болды. Жиналған барлық қаражатты мүгедектер арбаларын, жүріс тірегін (ходунок) және көмекке мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге арналған көзілдіріктер сатып алу үшін Лайонс клубына табыстады.

Йога оқытушысы әрі фан-клубтың белсенді мүшесі Мириам сабақ өткізіп қана қоймай, уругвайлық Dears атынан қосымша қайырымдылық қаражатын ұсынды. Бұл іс-шара жиналған жалпы қолдаудың еселене түсуіне мүмкіндік берді.

Екінші бастама – Аэропарк ауданында өткен Балалар күнін атап өту шарасына қатысу болды. Dimash Uruguay FanClub мүшелері жергілікті әлеуметтік қолдау және тамақтандыру орталығына балаларға арналған сыйлықтар табыстады. Іс-шара жылы, қуанышты атмосферада өтіп, балалар мен ата-аналардың жүздеріне күлкі сыйлады.

Уругвайлық Dears осы игі бастамаларға үлес қосқан барша жанға алғыс білдіре отырып, олардың тәжірибесі басқа елдердегі Dears қауымдастықтарын жаңа қайырымдылық қадамдарға ынталандырады деп үміттенеді.

Соңғы жаңалықтар

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...