ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген «Stranger» концерттік турын Латвиядағы ауқымды шоуымен аяқтады

Димаш Құдайберген «Stranger» концерттік турын Латвиядағы ауқымды шоуымен аяқтады

Dimash World Димаш Құдайберген «Stranger» концерттік турын Латвиядағы ауқымды шоуымен аяқтады

Димаш Құдайберген «Stranger» концерттік турын Латвиядағы ауқымды шоуымен аяқтады

«STRANGER» концерттік бағдарламасы Алматы қаласында бастау алып, 2022–2025 жылдар аралығында әлемнің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған жүректерді біріктірді:
Алматы – Ереван – Анталья – Куала-Лумпур – Гонконг – Будапешт – Стамбұл – Астана – Прага – Дюссельдорф – Нью-Йорк – Мехико – Барселона – Лондон – Берлин – Рига.

Турдың қорытынды нүктесі Рига қаласы болды.

2025 жылғы 12 желтоқсанда Рига қаласындағы Xiaomi Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің «Stranger» шоуы бір мезгілде әрі үйдегідей жайлы, әрі толқынысқа толы атмосфера қалыптастырды. Ауқымды аренада өткен концерт көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлап, алдағы Рождество мен Жаңа жылдың жақындай түскенін сезіндірді.

Концерттің иесі ретінде Димаш бір уақытта концертті қазақ және ағылшын тілдеріндегі сәлемдесумен бастап, латыш тілінде былай деп тіл қатты:
«Қайырлы кеш! Бүгін осында болу мен үшін зор мәртебе! Шынайы ықыластарыңыз бен энергияларыңыз үшін рақмет! Бұл кешті ұмытылмастай етуге тырысамыз!».

Ұмытылмас күн туралы әнді орындау алдында Димаш көрермендермен ішкі сырын бөлісті:

«Бұл — біз туралы, мен туралы ән. Мен бұл туындыны 17–18 жасымда дәл осы сәтті армандап отырып жазған болатынмын. Міне, мен сіздерді, ал сіздер мені таптыңыздар».

Ортақ махаббат тарихына толықтай еніп кеткен көрермендер әншінің залға созған микрофонына қосылып, бірге ән шырқады.

Бұл кеште Димаштың жеке концерттерінде алғаш рет рояльда оның інісі — Әбілмансұр Құдайберген де өнер көрсетті.

«S.O.S.» композициясын орындаудың алдында Димаш сахнадан алғаш рет Халықаралық көші-қон ұйымының (БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігі) жаһандық Ізгі ниет елшісі ретіндегі мәртебесінде көрермендерге үн қатты.

Концерт барысында Димаш тек ән шырқап, дауыс жаттығуларын өткізіп қана қоймай, би тобының мүшелерін де құттықтап та үлгерді: Салтанатты — үздік хореограф атанғаны үшін, ал Александраны — туған күнімен құттықтады. Бұл сәтте Dears жанкүйерлері ағылшын тілінде ғана емес, латыш тілінде де хормен қолдау көрсетті.

Бүкіл зал «Махаббат бер маған» әнін бірге шырқап жатқан сәтте, Димаш көрермендер арасынан қазақ тілінде ән салған харизмалық ер адамның дауысын естіп қалып, Польшадан келген жанкүйерін сахнаға шақырды. Ол өз ана тіліне деген құрметі үшін алғысын білдірді.

Концерттің финалында Димаш әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлерін Қазақстанға қонаққа шақырып, жақын арада өзінің «Voice Beyond Horizon» атты продюсерлік жобасының тұсаукесері өтетін Hunan TV арнасының да атын атап өтті.

Сондай-ақ осы кеште, Рига қаласында, Димаш «Stranger» турының ресми түрде аяқталғанын жариялады. Бұл бағдарлама 2022 жылы Алматы қаласында басталып, үш жыл ішінде көптеген елдер мен қалаларды аралаған болатын.

Қымбатты достар, ыстық ықыластарыңыз бен қолдауларыңыз үшін зор алғыс! Алда бізді жаңа бағдарламалар, концерттер және біз бармаған қалалар күтіп тұр. Келесі кездескенше!

Соңғы жаңалықтар

Бесінші ақпанда Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» продюсерлік жобасының тұсаукесері өтеді

5 ақпан күні Қытайдың Hunan TV телеарнасында және Mango TV платформасында «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық реалити-шоуы әлемдік эфирге...

Димаш Құдайберген Шанхай қаласында өткен 2026 жылғы Tmall NEWTY Festival Offline Events фестивалінің ашылу және жабылу салтанатында өнер көрсетті

2026 жылғы 16 қаңтарда Шанхай орындаушылық өнер орталығында 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events фестивалінің салтанатты рәсімі өтті. Қазақстанның халық...

MsMojo көзімен Димаш Құдайбергеннің «үздік-10» сахналық орындауы

MsMojo – мәдениет саласындағы рейтингтерге маманданған, сенімді ақпарат көзі саналатын жетекші онлайн-платформа. YouTube желісінде 5,73 миллион жазылушысы бар бұл...

«Жақсылық жасап жарысайықшы»: Димаштың қарағандылық жанкүйерлері ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ізгі дәстүрді жалғастыруда

2026 жаңа жыл қарсаңында Қарағанды қаласындағы Димаш Құдайбергеннің фан-клубы ерекше қажеттіліктері бар, үй жағдайында әлеуметтік қызметтер алатын балаларды қолдауға...

Димаштың Мексикадағы фан-клубы ірі қайырымдылық бастамаға қайтадан қатысты

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы фан-клубы төртінші жыл қатарынан Мексика мен Латын Америкасы елдеріндегі әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың...