ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген жанкүйерлерін «Voice Beyond Horizon» жобасының алғашқы шығарылымын...

Димаш Құдайберген жанкүйерлерін «Voice Beyond Horizon» жобасының алғашқы шығарылымын бірлесіп тамашалауға шақырды

Dimash World Димаш Құдайберген жанкүйерлерін «Voice Beyond Horizon» жобасының алғашқы шығарылымын бірлесіп тамашалауға шақырды

Димаш Құдайберген жанкүйерлерін «Voice Beyond Horizon» жобасының алғашқы шығарылымын бірлесіп тамашалауға шақырды

5 ақпан күні Hunan TV және Mango TV телеарналарында «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының тұсаукесері өтеді. Жобаның атқарушы продюсері Димаш Құдайберген көрермендерді алғашқы шығарылымды бірлесіп тамашалауға шақырды. Кездесу Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Қазақстан аумағында жоба Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі.

Димаш Құдайберген өзінің ресми парақшасында былай деп атап өтті:
«Біздің байқауымыздың Instagram желісіндегі парақшасына бір түннің ішінде қырық мыңнан астам адам тіркеліпті. Бұл неткен көрсеткіш деп, мәре-сәре боп тойлатып отырмыз. Әрине, сөзімді жерге тастамай, белсенді қолдау көрсетіп жатқан барша ағайынның, жақын жандардың ықыласы мен сенімі — мен үшін зор мәртебе.

Шынын айтқанда, дәуренім жүріп, қуатым кемеліне келіп тұрған осы бір сәтте сіздердің қолдауларыңыздың арқасында елімізге аздаған пайдам тисе менен асқан бақытты адам жоқ деп біліңіз. Байқауымызға жазылып, қолдау білдіріп жатқан барша жандарға мың мәрте алғыс айтамын!

Бұл жоба — баршамызға ортақ. Халықтың мүддесі де, қуанышы да ортақ. Сол себепті байқаудың алғашқы кезеңінің тұсаукесерін бүкіл Қазақстан болып, бір үлкен отбасыдай бірге тамашаласақ деген ниетім бар. Яғни, жобаның алғашқы шығарылымын сіздермен бірге тамашалағым келеді.

Келемін деушілерлің барлығына есік ашық. Билет сатып алудың қажеті жоқ. Бәріміз бірге жиналып, жақсы көңіл күйде уақыт өткізуге шақырамын», — деп үндеу жасады өнер иесі.

5 ақпан
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы.
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 44
Кездесудің басталуы: 19:00
Кіру уақыты: 17:00-ден басталады.

0 теңге билет­терді TICKETON сайтынан алуға болады.
http://ticketon.kz/event/dimash-kudaybergen-priglashaet-k-sovmestnomu-prosmotru

Соңғы жаңалықтар

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...