ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жеке концерті - билеттердің ерте сатылымына...

Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жеке концерті — билеттердің ерте сатылымына тіркелу басталды

Dimash World Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жеке концерті - билеттердің ерте сатылымына тіркелу басталды

Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жеке концерті — билеттердің ерте сатылымына тіркелу басталды

Құрметті достар! Бүгін, 14 наурызда Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жеке концертіне билеттерді ертерек сатып алуға тіркелу басталды.

Билеттерді алдын ала сатып алу 17 наурыз дүйсенбі сағат 12:00-ден бастап қолжетімді болады.
Билеттер сейсенбі, 18 наурызда сағат 12:00-ден бастап жалпы сатылымға шығады.

⚡️ https://mticket.uk/kz/london/dimash-qudaibergen-stranger-2373.html

⚡️ https://www.ovoarena.co.uk/events/detail/dimash-qudaibergen

Stranger 2025 жылдың 12 қарашасында Лондондағы әйгілі OVO ARENA WEMBLEY концерт пен іс-шараларға арналған алаңда өтеді.

Arena Wembley — Уэмбли стадионының жанындағы жабық арена. Сыйымдылығы 12500 орын.

Empire Pool (Спорт аренасы деп те аталады) 1934 жылғы Британ империясының ойындарына арналған жүзу шараларын өткізу үшін салынған. Бассейн соңғы рет 1948 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында пайдаланылған.

Заманауи арена спорттық және ойын-сауық шараларын өткізу орны ретінде пайдаланылады. Мұнда әлемнің ең танымал әртістерінің, түрлі жанрлар өкілдерінің концерттері өтті. Осы жылдар ішінде 10 000-нан астам көрермендері бар бұл стадионда The Beatles, Cliff Richard & The Shadows, The Monkees, ABBA, The Hollies, Dusty Springfield, Joe Brown & the Bruvvers, Led Zeppelin, Genesis, David Bowie, The Rolling Stones, Bon Jovi, INXS, Pink Floyd, The Eagles, Status Quo, Queen, Christina Aguilera, Beyoncé, Madonnа сынды әлемдік әншілер өз концерттерін қойып үлгерді.

ХХІ ғасырдың басында арена Уэмбли саябағын қайта құру аясында Уэмбли стадионымен бірге қайта жөндеу жұмыстарынан өтті.
Жаңа арена 2006 жылы 2 сәуірде Depeche Mode концертімен көпшілікке ашылды. 2022 жылдың басынан бері бұл орын OVO Arena Wembley ретінде белгілі.

Аренада әлемдік маңызы бар түрлі шаралар, соның ішінде 2017 жылы 12 қарашада 2017 MTV Europe Music Awards салтанаты іс-шарасы өтті. Іс-шараны Рита Ора және Эминем, Деми Ловато, U2, The Killers, Kesha және т.б. жүргізді.

Әйгілі Лондон аренасында әлемнің түкпір-түкпірінен танымал әртістер өнер көрсетті: қытайлық әнші Joker Xue, оңтүстіккореялық әнші IU, жапондық One Ok Rock тобы және т.б.

2025 жылдың 12 қарашасында Лондонның әйгілі алаңында алғаш рет қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...