ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергеннің қатысуымен 10-шы Virtuosos мерейтойлық жобасы басталды

Димаш Құдайбергеннің қатысуымен 10-шы Virtuosos мерейтойлық жобасы басталды

Dimash World Димаш Құдайбергеннің қатысуымен 10-шы Virtuosos мерейтойлық жобасы басталды

Димаш Құдайбергеннің қатысуымен 10-шы Virtuosos мерейтойлық жобасы басталды

2025 жылдың 25 сәуірінде Virtuosos жобасының 10-шы мерейтойлық маусымының басты шығарылымы көрсетілді. Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екінші рет жас музыканттар байқауының қазылар алқасының мүшесі болды.

Жобаның мәнін айқын көрсететін атаулы сәт – әлемге танымал музыканттардың өнерге ұмтылып келе жатқан өнерпаздардың кәсіби дамуына ықпал етуі болды.

Virtuosos Charity Concert event for the WAH Foundation қайырымдылық концерті 2024 жылдың 21 қазанында Сингапурде өтті. Star орындаушыларының орталық сахнасында Петер Пейчик басқаратын Orchestra of the Music Makers Сингапур симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен әлемге әйгілі композиторлардың музыкасы орындалды.

Жас әртістер Тео Гертлер, Шома Балаж-Пири , 2harps (Валерий и Эвелин Гребло), Дальма Немет, Али Лугоши және Одиссей Финкенберг үлкен сахнада абыроймен өнер көрсетіп, атақты композиторлар — И.Брамса, И.С.Баха, Ф.Листа, Х.Циммера және басқалардың классикалық шығармаларын орындады.

Жобаның қазылар алқасының мүшелері Пласидо Доминго, Степан Хаузер және Димаш Құдайберген өз репертуарларынан ерекше туындыларын ұсынды.

Осылайша, көрермендер Дальма Немет, Валерия және Эвелин Гребло, Ильдико Медьимореч және Димаш Құдайбергеннің орындауында Майкл Джексонның «Heal the World» әнін тыңдады.

Степан Хаузермен дуэтте Димаш «Sos d’un terrien en détress» әнін ооындады.

Димаш «Queen» тобының репертуарындағы «The Show Must Go On» әнін орындап, әлемге әйгілі композицияның өз нұсқасын ұсынып, көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

Қытай тіліндегі «Autumn Strong» әні көп жылдар бойы Димаштың жеке концерттерінің тұрақты бөлігіне айналды.

Virtuosos жобасының 10-шы мерейтойлық маусымы жұма күндері венгриялық DunaTV арнасы мен YouTube @Virtuosos_Talent_Show арнасында көрсетіледі. Көрсетілімді тамашалар, рухани ләззат алыңыздар!

Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...