ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жаңа туған нәрестелерге арналған қайырымдылық акциясын...

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жаңа туған нәрестелерге арналған қайырымдылық акциясын өткізуде: «Мейірімге толы қолдар, бұйымдар мен жылы сезімдер»

Dears Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жаңа туған нәрестелерге арналған қайырымдылық акциясын өткізуде: «Мейірімге толы...

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жаңа туған нәрестелерге арналған қайырымдылық акциясын өткізуде: «Мейірімге толы қолдар, бұйымдар мен жылы сезімдер»

Димаш Құдайбергеннің туған күні қарсаңында Астанадағы DQ Dears Astana жанкүйерлері мен Димаш Құдайбергеннің Еуразиялық фан-клубы және Dimash Ukraine Dears EFC «28 ілмек Астана» клубына 290 дана жүн жіп орамын табыстады.

«28 ілмек» клубы – Астана қаласындағы қолөнер шеберлерінен құралған ұйым, ол бірнеше жылдан бері аз салмақпен дүниеге келген жаңа туған нәрестелерге қолдау көрсетіп келеді.

Мұндай сәбилер үшін ерекше жағдай жасау аса маңызды екені белгілі. Алайда дене салмағының жеткіліксіздігі мен мерзімінен бұрын тууына байланысты олар дене температурасын өздігінен реттей алмайды.

Қамқорлық пен жылклыққа толы қолдармен тоқылған 100% жүннен жасалған жылы киім жиынтықтары сәбилердің өсуі мен дамуына ықпал етіп, олардың сауығу үдерісін жеделдетеді.

«Жылы бұйымдар, жұмсақ қолдар мен ыстық жүректер мүмкіндігінше көп сәбидің тезірек жетіліп кетуіне септігін тигізсін», – деген тілектерін білдірді Dears сыйлықты табыстау барысында.

Аталған акция сүйікті өнерпаздың туған күніне дейін жалғасады. Қазіргі уақытта «28 ілмек Астана» клубының шеберлері Димаштың атынан сәбилерге арналған мерекелік жиынтықтарды дайындауда.

«28 ілмек Астана» клубының қатысушылары ерекше ықыласпен жиналған материалдарды қабылдай отырып, өз әсерлерімен бөлісті:

«Жақсылықты жіп орамдарының санымен өлшеуге бола ма? Бақсақ, болады екен.
Бұл – терең символикалық мәнге ие…
Өнерпаз әлемге жарық, шынайылық, сүйіспеншілік пен ізгілік сыйласа, оның жанкүйерлері де сондай қасиеттерді бойына сіңіретіні сөзсіз.
290 орам жіп – бұл енді ғана басталатын жүздеген жылы сәттердің бастауы.
Жақын арада олардан шала туған сәбилерге арналған кішкентай шұлықтар, кеудешелер, бас киімдер мен көрпешелер тоқылады. Олар үшін жылу – өмір сүруге және күш жинауға үлкен мүмкіндік.
Кең жүректеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Жылуларыңызбен бөліскендеріңіз үшін рақмет.
Бұл игілік жақын арада басқалардың өмір сүруіне себеп болатыны сөзсіз.
Сүйікті өнерпазымызды туған күнімен құттықтаймыз!
Әлемді мейіріммен жылулыққа бөлеп жатқандарыңыз үшін алғыс айтамыз»

Соңғы жаңалықтар

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...