ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаштың әніне қойылған бағдарламамен өнер көрсеткен испаниялық гимнаст турнирде...

Димаштың әніне қойылған бағдарламамен өнер көрсеткен испаниялық гимнаст турнирде жүлдеге ие болды

Dimash World Димаштың әніне қойылған бағдарламамен өнер көрсеткен испаниялық гимнаст турнирде жүлдеге ие болды

Димаштың әніне қойылған бағдарламамен өнер көрсеткен испаниялық гимнаст турнирде жүлдеге ие болды

1 мамыр күні Овьедода (Испания) өткен Liga de las Estrellas халықаралық турнирінде Димаш Құдайбергеннің музыкасына қойылған бағдарламамен өнер көрсеткен гимнаст Ициар Ордоньес Алонсо шығыршықпен орындалатын жаттығуда күміс медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, спортшы бұған дейін де өзге халықаралық жарыстарда жүлдегер атанған болатын.

Турнир барысында гимнаст шығыршық, доп, лента және сойылдар арқылы төрт құралмен өнер көрсетті. Іс-шараға ең мықты командалар қатысып, байқау нәтижелерін Испания ұлттық құрамасының өкілдері бақылап отырды.

Ициар Ордоньес Алонсо көркем гимнастика бойынша «La Corredoria» клубының атынан сынға түсіп, түрлі деңгейдегі жарыстарға тұрақты түрде қатысып отыратын спортшы. Оның ұлттық чемпионаттар, халықаралық турнирлер мен Испания еліндегі көркем гимнастиканың ең жоғары дивизионы саналатын Iberdrola испан лигасында спорттық тәжірибесі бар.

Ағымдағы маусымда спортшы шығыршықпен орындалатын бағдарламасын Димаш Құдайбергеннің орындауындағы SOS композициясымен қойды. Музыкалық сүйемелдеуді жаттықтырушы Ана Исабель Кортес Росес таңдаған. Ол аталған туындыны алғаш рет Валенсияда өткен байқау кезінде байқап, кейіннен жаттығудың көркемдік концепциясына барынша сәйкес келетін нұсқа ретінде Димаш орындаған үлгіні бекіткен.

Бұған дейін гимнаст 4 сәуір күні өткен Ourense A Provincia Termal атты 14-ші халықаралық турнирде де күміс жүлдегер атанған болатын.

Овьедо қалалық кеңесі мен Испания көркем гимнастика федерациясы жариялаған материалдарда Димаш Құдайбергеннің есімі аталып, оның YouTube-арнасына сілтеме беріп өткен. Сондай-ақ испандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген сұхбатта музыка таңдаудың ерекшелігі мен тренердің Димаш шығармашылығымен танысу тарихы да баяндалған.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...