ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері Патагония ормандарын қалпына келтіруге арналған...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері Патагония ормандарын қалпына келтіруге арналған 46 көшет сыйға тартты

Басты жаңалық Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері Патагония ормандарын қалпына келтіруге арналған 46 көшет сыйға...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері Патагония ормандарын қалпына келтіруге арналған 46 көшет сыйға тартты

Аргентина, Уругвай, Венесуэла және Мексика елдеріндегі Димаштың Together for Dimash халықаралық фан-қоғамдастығы Аргентинаның Патагония өңіріндегі орман алқаптарын қалпына келтіруге бағытталған экологиялық бастамаға кезекті рет қатысты.

Қауымдастық администраторларының мәліметінше, қайырымдылық акциясы аясында Димаштың жанкүйерлері Friends of Patagonia қауымдастығына 46 көшет табыс еткен. Жас ағаштар 2009 жылғы ірі орман өрттерінен зардап шеккен жаңа аумақта отырғызылатын болады. Өңірде табиғи экожүйелерді қалпына келтіру жұмыстары соңғы 15 жыл бойы үздіксіз жүргізіліп келеді.

Қоғамдастық мүшелері жыл сайын жергілікті ағаш отырғызуды қолдап, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосып келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы акция Димаш Құдайбергенге арналып, өнерпаздың туған күніне орай символикалық сый ретінде ұсынылған.

Жанкүйерлер Димаштың бірлік, сүйіспеншілік пен табиғатқа құрмет құндылықтарын насихаттайтын үндеуінен шабыт алатындарын атап өтіп, барша ниет білдірушілерді осы игі бастамаға қосылуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...