ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Sister Cities International іс-шарасында өнер көрсетті

Димаш Sister Cities International іс-шарасында өнер көрсетті

Dimash World Димаш Sister Cities International іс-шарасында өнер көрсетті

Димаш Sister Cities International іс-шарасында өнер көрсетті

17 қаңтарда АҚШ президенті Джо Байденнің инагурациялау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда Димаш қазақтың «Самалтау» халық әнін орындады.

Дәстүр бойынша салтанатты шараны бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы – Sister Cities International ұйымы өткізді.

Коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты биыл шара онлайн-режимде өтті.

Мерекеде белгілі спикерлер мен орындаушылар сөз сөйледі, олардың ішінде: губернатор Билл Анабутти, Джозефина Биверс, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессмен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, АҚШ теңіз оркестрі, Кэрол Робертсон Лопез және басқалар бар.

Салтанатты рәсім кезінде Димаш қазақтың халық әні «Самалтауды» орындады. Бұл АҚШ-тың сайланған президентін инагурациялау апталығын ашатын іс-шарада Sister Cities International мен АҚШ және Қазақстан қарым-қатынасының бүкіл тарихында Қазақстаннан алғаш рет әртіс қатысқан кез болды.

Димаш SCI өкілдеріне шақырғандары үшін алғысын білдірді.

Sister Cities International бас директоры Лерой Аллала өз кезегінде қазақстандық орындаушының шығармашылығы адамдарды, олардың мәдениеті мен тілін біріктіретінін атап өтті. Мұның бәрі Президент Эйзенхауэрдің елдер арасында бейбіт қарым-қатынас орнату туралы көзқарасының ажырамас бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар Димаштың 20 қаңтарда Sister Cities International ресми сайтында тағы бір ән орындауы көрсетілетіндігі жарияланды.

Бір аптаға созылатын мерекелердің ортасында DimashNews редакциясы SCI бас директоры Леро Аллалмен кездесуге мүмкіндік берді, оның ұйымы өткізетін салтанатты іс-шара туралы көбірек білуге мүмкіндік алды.

Осы аптада DimashNews сайтынан толығырақ сұхбат күтіңіздер.

Соңғы жаңалықтар

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...