ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World "DIMASH DIGITAL SHOW" бис-те көрсетіледі

«DIMASH DIGITAL SHOW» бис-те көрсетіледі

Dimash World "DIMASH DIGITAL SHOW" бис-те көрсетіледі

«DIMASH DIGITAL SHOW» бис-те көрсетіледі

Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті жанкүйерлерге керемет әсер сыйлады. Dears-тің үн қатуына байланысты шоу 31 қаңтарда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 20:00-де қайтадан көрсетілетін болады.

Tixr стримингтік платформасы мен Димаш «DIMASH DIGITAL SHOW» қайталауын көрсетеді, бұл қазақстандық орындаушы шығармашылығының жанкүйерлеріне барлық біріккен Dears-тің сиқырын сезіне отырып, онлайн-чатта тағы да жүздесулеріне мүмкіндік береді.

Билеттері бар жанкүйерлерге қайтадан билет сатып алудың қажеті жоқ. Олар бис-шоуды қолда бар билеттер бойынша тамашалай алады. Оларды сатып алуға әлі үлгермеген жанкүйерлерге 31 қаңтарға дейін сатып алу ұсынылады.

Бұдан басқа, 31 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 22:30-да «DIMASH DIGITAL SHOW» көрсетілімінен кейін көптен күткен «Post-Show Q&A session» тікелей эфирі өтеді. Іс-шара барысында жанкүйерлер Димашты көруге, оған сұрақтар қоюға, онлайн-концерт туралы әсерлерімен бөлісуге, сондай-ақ әртістің жоспарлары туралы білуге мүмкіндік алады.

«Post-Show Q & A session» билеттері dimash.tixr.com. сайтында қол жетімді, олардың сатылымы кез келген уақытта жабылуы мүмкін.

Ескерту: «DIMASH DIGITAL SHOW» шектеусіз көру мүмкіндігі 23 қаңтарға дейін жалғасады. Содан кейін бейнежазбаға қол жеткізу тоқтатылады және тек 31 қаңтарда соңғы көру үшін қайта ашылады. Концерттің қайырымдылық сипатына байланысты билеттерді сатудан түскен түсімнің бір бөлігі project C. U. R. E ұйымына беріледі. Естеріңізге сала кетейік, «Post-Show Q&A session» модератордың қатысуымен 1 сағатқа созылады, ол жанкүйерлердің сұрақтарын кездейсоқ таңдайды. Қатысушылардың көп болуына байланысты сұрақтартың барлығына жауап алу мүмкін болмайды.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Нью-Йорктегі фан-клубы Қазақстанның Бас консулдығынан алғыс грамотасын алды

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерін біріктіретін New York Dears жанкүйерлер қауымдастығына Нью-Йорктегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығының алғыс грамотасы табысталды. Марапатты Қазақстан...

Қытай мен малайзиялық «Voice Beyond Horizon» жобасының жүлдегерлері – Қазақстан мен Димаштың шығармашылық ынтымақтастығы және жаңа тәжірибе туралы

Димаш Құдайбергеннің продюсерлік бастамасымен жүзеге асқан «Voice Beyond Horizon» жобасына 6 елден 8 өнерпаз қатысты. Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық...

Димаштың жанкүйерлері Латын Америкасындағы ең ірі университетте Қазақстан мәдениетін таныстырды

20 маусым күні Мексиканың Ұлттық автономиялық университетінде (UNAM) – сол елдегі әрі бүкіл Латын Америкасындағы ең ірі жоғары оқу...

Димаштың жаңа «AQERKE» композициясы Бельгия радиосының эфирінде шырқалды

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы жаңа «AQERKE» композициясы Бельгияның Льеж қаласы AFM Radio радиостанциясының эфирінде шырқалды. Бұл – Димаш шығармаларының Бельгия радиосынан...

25 елден жиналған Димаштың жанкүйерлері қайырымдылыққа 10 мың доллардан астам қаражат аударды

Димаштың халықаралық Dears for Peace жанкүйерлер қауымдастығы – жаһандық амбассадоры Димаш Құдайберген болып табылатын БҰҰ жүйесіндегі Халықаралық көші-қон ұйымының...