ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears 25 елден жиналған Димаштың жанкүйерлері қайырымдылыққа 10 мың доллардан...

25 елден жиналған Димаштың жанкүйерлері қайырымдылыққа 10 мың доллардан астам қаражат аударды

Dears 25 елден жиналған Димаштың жанкүйерлері қайырымдылыққа 10 мың доллардан астам қаражат аударды

25 елден жиналған Димаштың жанкүйерлері қайырымдылыққа 10 мың доллардан астам қаражат аударды

Димаштың халықаралық Dears for Peace жанкүйерлер қауымдастығы – жаһандық амбассадоры Димаш Құдайберген болып табылатын БҰҰ жүйесіндегі Халықаралық көші-қон ұйымының қызметін қолдауға бағытталған ауқымды қайырымдылық науқанын жүзеге асырды.

Аталған бастама әлемнің түрлі елдерінен жиналған 25-тен астам фан-клуб пен мыңдаған жанкүйерлерді біріктірді. Қатысушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесінде 10 000 АҚШ долларынан астам қаражат жиналып, ол ХКҰ-ның гуманитарлық қызметін қолдауға бағытталды.

Жобаны іске асыру барысында жанкүйерлер қоғамдық кеңістіктер мен тақырыптық іс-шараларда түрлі ақпараттық және мәдени шаралар ұйымдастырып, Димаштың шығармашылығы, оның қоғамдық қызметі мен гуманитарлық құндылықтарын таныстырды. Осы бастамалардың арқасында көп адам алғаш рет өнерпаздың шығармашылығымен танысып, қайырымдылық науқанына қосылды.

Тағы бір маңызды мәдени-ағартушылық жобалардың бірі Аргентинадағы Dimash Argentina фан-клубының бастамасымен FM Patagonia Andina 93.3 радиостанциясында іске қосылған – «Kazakh Roots» («Қазақтың тамыры») атты бастамасы болды.

Бағдарлама әр жексенбі сайын эфирге шығып, тыңдармандарды Қазақстанның тарихы, дәстүрі, музыкасымен және мәдени мұрасымен таныстырады. «Қазақстанның мәні мен мазмұнын ашыңыз» ұранымен жүзеге асырылып отырған бұл жоба Аргентина мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасуды дамытуға ықпал етіп, шетелдік аудиторияға елдің бай мәдениетін тереңірек тануға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...