ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаштың жаңа «AQERKE» композициясы Бельгия радиосының эфирінде шырқалды

Димаштың жаңа «AQERKE» композициясы Бельгия радиосының эфирінде шырқалды

Dimash World Димаштың жаңа «AQERKE» композициясы Бельгия радиосының эфирінде шырқалды

Димаштың жаңа «AQERKE» композициясы Бельгия радиосының эфирінде шырқалды

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы жаңа «AQERKE» композициясы Бельгияның Льеж қаласы AFM Radio радиостанциясының эфирінде шырқалды.

Бұл – Димаш шығармаларының Бельгия радиосынан алғаш рет қойылуы емес. Dears жанкүйерлерінің көпжылдық белсенді қолдауының арқасында Бельгияның түрлі радиостанцияларында әншінің 60-тан астам туындысы тыңдарманға жол тартқан. Сонымен қатар, бұған дейін AFM Radio эфирінде қазақстандық өнерпаздың шығармашылығына толықтай арналған екі сағаттық арнайы бағдарламалар да ұйымдастырылған болатын.

Еске сала кетейік, 16 маусымнан бастап «AQERKE» композициясы барлық жетекші цифрлық музыкалық платформаларда қолжетімді. Әннің жарыққа шығуымен қатар Димаш шығармашылық челлендж жариялап, жанкүйерлеріне жаңа әнге бейнероликтер түсіруді ұсынды.

Үздік жұмыстың авторы әншінің музыкалық бейнебаянының түсіріліміне қатысып, ерекше мүмкіндікке ие бола алады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...