ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың жанкүйерлері Латын Америкасындағы ең ірі университетте Қазақстан мәдениетін...

Димаштың жанкүйерлері Латын Америкасындағы ең ірі университетте Қазақстан мәдениетін таныстырды

Dears Димаштың жанкүйерлері Латын Америкасындағы ең ірі университетте Қазақстан мәдениетін таныстырды

Димаштың жанкүйерлері Латын Америкасындағы ең ірі университетте Қазақстан мәдениетін таныстырды

20 маусым күні Мексиканың Ұлттық автономиялық университетінде (UNAM) – сол елдегі әрі бүкіл Латын Америкасындағы ең ірі жоғары оқу орнында Азияға арналған дипломдық курс өтті. Аталған курс аясында Қазақстанның мәдениеті мен гуманитарлық әлеуетіне ерекше назар аударылды.

Бұл жобаның бастамашысы Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы фан-клубы болды. Жоба шеңберінде Қазақстанға қатысты тақырыптар білім беру бағдарламасына енгізілді. Бұған дейін клуб өкілдері университет әкімшілігімен болашақтағы мәдени ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылаған болатын.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанға деген қызығушылық сәуір айында Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өткізілгеннен кейін артқан. Дәл сол кезде университет қазақстандық өнерпаздың жанкүйерлерінің қызметімен танысып, мәдени байланыстарды одан әрі дамыту жөніндегі бастаманы қолдаған еді.

Бағдарламаға қатысу үшін Орталық Азияның мәдени қауымдастығының өкілдері – Ирина Вагнер (Аргентинадағы Росарио қаласындағы Қазақстан орталығы) және Марсия Кастро (Чилидегі Casa de Asia Central ұйымы) шақырылды.

Курс барысында қатысушылар Қазақстанның білім беру мен дипломатия арқылы қалыптасатын «жұмсақ күш» саясатын, сондай-ақ заманауи поэзия мен оның өңірдің маңызды мәдени-философиялық бейнесі саналатын дала ұғымымен байланысын талқылады.

Өз сөзінде Ирина Вагнер:
«Киіз үй жай ғана баспана емес . Ол ұтқырлыққа, табиғатпен үздіксіз үндестікке және қауымдастық сезіміне негізделген дүниетанымның көрінісі еді», – деп атап өтті.

Сонымен қатар ол мәдени өзара ықпалдастықтың маңызын ерекше атап көрсетіп:

«Шынайы күш мәжбүрлеу арқылы емес, қызығушылықты оятып, адамдар арасында байланыс орнату арқылы қалыптасады. Ұзақ мерзімді әрі мәнді ықпал мәдениет, білім және өзара алмасу арқылы жүзеге асады», – деді.

Марсия Кастро өз баяндамасын Орталық Азияның мәдени мұрасындағы табиғи кеңістіктің рөліне арнады:

«Дала мен шөл – бос кеңістік емес. Олар тарих, бірегейлік, жады және көркем шығармашылық тоғысатын жанды мекендер», – деп атап өтті.

Ұйымдастырушылар бастаманы қолдап, UNAM академиялық қауымдастығын Қазақстан мәдениетімен таныстыруға үлес қосқан спикерлерге алғыстарын білдірді.

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің айтуынша, бұл жоба Қазақстан мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттау және мәдени-гуманитарлық бастамаларды дамыту бағытындағы жұмыстардың заңды жалғасына айналды.

Соңғы жаңалықтар

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...