ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың Нью-Йорктегі фан-клубы Қазақстанның Бас консулдығынан алғыс грамотасын алды

Димаштың Нью-Йорктегі фан-клубы Қазақстанның Бас консулдығынан алғыс грамотасын алды

Dears Димаштың Нью-Йорктегі фан-клубы Қазақстанның Бас консулдығынан алғыс грамотасын алды

Димаштың Нью-Йорктегі фан-клубы Қазақстанның Бас консулдығынан алғыс грамотасын алды

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерін біріктіретін New York Dears жанкүйерлер қауымдастығына Нью-Йорктегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығының алғыс грамотасы табысталды. Марапатты Қазақстан Республикасының Бас консулы Рауан Тлеулин қауымдастықтың қазақстандық мәдениетті дәріптеуге және мәдени байланыстарды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап табыстады.

Screenshot

New York Dears қауымдастығының Қазақстанның Бас консулдығымен ынтымақтастығы 2019 жылы Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі Barclays Center орталығында өткен алғашқы жеке концерті кезінде бастау алған болатын. Содан бері бұл іскерлік қарым-қатынас өзара құрмет пен Қазақстанның мәдени мұрасына деген қызығушылыққа негізделген берік, ұзақ мерзімді серіктестікке айналды.

Бірнеше жылдан бері New York Dears қауымдастығының мүшелері Қазақстанның Бас консулдығы мен Нью-Йорктегі қазақстандық қоғамдық ұйымдар ұйымдастыратын түрлі мәдени іс-шараларға тұрақты түрде қатысып келеді. Олардың қатарында Наурыз мерекесін атап өту салтанаты мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімдері де бар.

Аталған кездесулер қазақстандық диаспора өкілдері мен Димаш шығармашылығының халықаралық жанкүйерлер қауымдастығы арасындағы мәдени алмасуды дамытуға, өзара достық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін маңызды алаңға айналды.

Соңғы жаңалықтар

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...