ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Чилилік Dears Димаштың Чилиге алғашқы сапарына арналған музыкалық тарту...

Чилилік Dears Димаштың Чилиге алғашқы сапарына арналған музыкалық тарту әзірледі

Dears Чилилік Dears Димаштың Чилиге алғашқы сапарына арналған музыкалық тарту әзірледі

Чилилік Dears Димаштың Чилиге алғашқы сапарына арналған музыкалық тарту әзірледі

Чилидегі Димаштың жанкүйерлері өнер иесінің көптен күткен алғашқы сапарына орай ерекше шығармашылық жоба дайындады. 

Жобаны жүзеге асыруға Чилидің әртүрлі қалаларынан 27 Dears қатысты. Өз елдерінің әсемдігін таныту мақсатында бейнебаян табиғаты көркем жерлерде түсірілді. Атап айтқанда, Винья-дель-Мар, Сантьяго, Темуко қалаларында, сондай-ақ Лос-Анджелес қаласының маңындағы әйгілі Лаха сарқырамасы жанында түсірілім жұмыстары жүргізілді.

Димаш Құдайберген шығармашылығының көпқырлылығын дәріптеу мақсатында жобаға қатысушылар қытай, жапон, орыс және қазақ тілдерінде төрт музыкалық туынды орындады. Бұл таңдау әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарын біріктіре алған әншінің өнерінің халықаралық сипатының айқын көрінісі.

«Бұл музыкалық жоба – Димаштың Чилиге алғашқы сапарына арналған біздің сыйымыз бен оған деген шынайы құрметіміз әрі ризашылығымыздың көрінісі. Ол біздің елімізде өзін зор ықыласпен, ерекше қуанышпен күтіп отырғанын сезінеді деп үміттенеміз», – деді чилилік Dears.

Соңғы жаңалықтар

Колумбияда алғаш рет: Жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алды

21 қарашада Димаш Құдайберген Колумбияның астанасы Боготаға келді. 22 қарашада әнші осы қалада Колумбия жұртшылығы алдында алғаш рет жеке...

Мехикодағы қос концерт: Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы кезеңін аяқтады

20 қарашада Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік туры аясында Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында екінші концертін берді. «Мексикалық жанкүйерлерімнің бәріне...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...