ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Бельгия радиостанциялары Қазақстан мен Димашқа арналған эфирлерде Ұлттық домбыра...

Бельгия радиостанциялары Қазақстан мен Димашқа арналған эфирлерде Ұлттық домбыра күнін атап өтті

Dimash World Бельгия радиостанциялары Қазақстан мен Димашқа арналған эфирлерде Ұлттық домбыра күнін атап өтті

Бельгия радиостанциялары Қазақстан мен Димашқа арналған эфирлерде Ұлттық домбыра күнін атап өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Қазақстанда Ұлттық домбыра күніне орай Бельгияның бірден екі радиостанциясы өз эфирлерін осы мерекеге және Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арнады.

AFM Radio (Льеж) радиостанциясының эфирінде бельгиялық Dears фан-клубының өкілі Венди Мразек Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, тыңдармандарға домбыра қазақ халқының ұлттық аспабы әрі рухани мұрасының ажырамас бөлігі екені туралы айтып берді. Сондай-ақ ол қазақ тілінде: «Домбыра күні құтты болсын!» деген жүрекжарды құттықтауын жеткізді.

Бағдарлама барысында радио жүргізушісі Венди Буктің Қазақстан Елшілігінің жанындағы қазақ тілі курстарында білім алып жүргенін және Бельгияда Қазақстанның мәдениетін белсенді түрде насихаттап келе жатқанын атап өтті. Эфирде сондай-ақ Димаш Құдайбергеннің Еуропадағы концерттік туры туралы ақпарат берілді. Жүргізушілер бұған дейін бельгиялық фан-клубтың Қазақстанның Гент қаласындағы Елшілігінің табыстауымен Димаштың арнайы Алғыс хатқа ие болғанын да тілге тиек етті.

Сонымен қатар AFM Radio радиостанциясының өкілдері Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған арнайы бағдарламаны алдағы уақытта жыл сайын тұрақты түрде эфирге шығарып отыратындарын мәлімдеді.

Сұхбаттан кейін эфирде Димаштың орындауындағы «Adai» және «Daididau» әндері шырқалды.

Мерекелік бастама MCSRadio Aywaille радиостанциясы тарапынан да қолдау тапты. Димаш Құдайбергеннің әндері күн сайын берілетін бұл радиостанцияның жүргізушілері де Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ тілінде «Домбыра күні құтты болсын!» деген ізгі тілектерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...