ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш жеңіске жетер жолда

Димаш жеңіске жетер жолда

Dimash World Димаш жеңіске жетер жолда

Димаш жеңіске жетер жолда

Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығын тапсыру салтанатында қызыл кілеммен жүріп өтті. Үлкен сахнада жүргізуші Липаның сұрақтарына жан-жақты жауап берген Димаш өзі үшін көрермендердің сүйіспеншілігі маңызды екенін айтты. «Мен әрқашан өз тыңдармандарыма жоғары деңгейде өнер көрсетуге тырысамын. Егер мен қандайда бір жеңіске жетіп, марапатқа ие болсам, ол менің көрермендерімнің еңбегі деп білемін», деді әнші. Димаш сонымен қатар оңашада қандай әндерді тыңдайтынын айтып берді. «Мен қазақтың халық әндерін тыңдаймын», деді ол.
Еске салайық, Димаш Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығына бірнеше номинация бойынша үміткер ретінде қатысқан болатын. Жеңімпаздар бүгін, 5 желтоқсан күні Мәскеудегі Кремль сарайында өткен салтанатты рәсімде жарияланатын болады. Айта кетейік, «Виктория» сыйлығы жыл соңында ең үздік музыканттарға, ақындарға, орындаушыларға, продюсерлерге, журналистерге, музыка сыншыларына және ірі медиахолдингтердің жетекшілеріне беріледі.
15 санат бойынша жеңімпаздардың есімдері Мемлекеттік Кремль сарайында өткен салтанатты рәсімде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...