ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаштың алғашқы «DIMASH DIGITAL SHOW» онлайн-концерті қалай дайындалды

Димаштың алғашқы «DIMASH DIGITAL SHOW» онлайн-концерті қалай дайындалды

Dimash World Димаштың алғашқы «DIMASH DIGITAL SHOW» онлайн-концерті қалай дайындалды

Димаштың алғашқы «DIMASH DIGITAL SHOW» онлайн-концерті қалай дайындалды

16 қаңтарда Димаш Құдайбергеннің TIXR стримингтік платформасында алғашқы онлай-концерті өтті. DimashNews ауқымды сандық шоу құру туралы басылымдар сериясын бастайды.

«DIMASH DIGITAL SHOW» – қазақстандық әншінің әлемдік пандемия басталғаннан бергі алғашқы жаһандық қойылымы. Заманауи телевизиялық және виртуалды технологиялар біріктірілген онлайн-концертті ұйымдастыру барысында 140 адамнан тұратын интернационалдық команда еңбек етті.

Дайындық неден басталды?

Әлемдік пандемияға байланысты офлайн концерттердің болмауы жанкүйерлерге де, әншінің өзіне де қиынға соқты. Dears әншіге бірнеше рет онлайн режимінде өнер көрсетуін сұрады. Димашқа идея ұнағанымен, бірақ ол оны әдеттегі «карантиндік» форматта жасағысы келмеді. Ол жаңа, шынайы және ерекше нәрсені ұсынуға шешім қабылдады.

Алдағы жобаның бас режиссері Анна Обоянская болды.

«Біз көрермендерсіз, бірақ заманауи теледидар, компьютер және виртуалды технологияларды қолдана отырып, толыққанды жанды шоу жасағымыз келді. Бір сөзбен айтқанда – диджитал. Бұл термин мені қатты қызықтырды, ол әншінің есімімен тікелей байланысты сезінді. Осылайша, біз Димаш үшін концерттің жаңа компиляциялық форматын ойлап таптық, онда әрбір композиция – бұл дербес телебейнебаян немесе түрліше әсерлерді қолданатын телеқойылым. Барлық идеялар әртіс командасымен қашықтықтан талқыланды. Міне, тарихи күндердің бірінде Қанат Құдайбергенұлы Айтбаевтан қоңырау келіп: «Жасаймыз!»- деген жауап алдық. Содан процесс басталды.

Бағдарламаны жасау

Онлайн-концертті өткізу бекітілгеннен кейін бағдарламаны ойластыру қажет болды. Димаштың өзі Ерлан Бекчурин және Қанат Айтбаев репертуарға, әндердің тұсаукесерлеріне, жаңа өңдеулерге жауап берді.

Режиссураға, шығармашылық идеяларға, стилистикаға және әр нөмірді ұсынуға қатысты барлық нәрсені Анна Обоянскаяға сеніп тапсырды.

«Барлық идеялар ойластырылғаннан кейін, біз музыкалық және драмалық түрде әр ән өз орнында болуы және тұтас өзіндік бөлігі болуы үшін концерттік тәртіпті құрдық және үйлестірдік», – деді Анна.

Стадиондық шоу техникасы

Концертке тек сенімді мамандар шақырылды, өйткені дайындық өте күрделі, ауқымды және жауапты болды.

Түсірілім тобына бұрын Еуропаның ірі теле және шоу – жобаларына қатысқан үздік мамандар шақырылды. Анна Обоянская алаңдағы жабдықтар – үлкен стадион шоуын түсіруге арналған сияқты, деп есіне алады.

Техникалық процесті ұйымдастырудың көп бөлігін әйгілі украиналық «Феерия» компаниясы өз мойнына алды. Соңғы бірнеше жыл ішінде оның мамандары Scorpions, Стинг, Дженнифер Лопеc, Элтон Джон, Лара Фабиан, Deep Purple, Prodigy, Дэвид Гаретт және басқа да әлемдік деңгейдегі көптеген жұлдыздардың концерттерін ұйымдастырды.

Рухтандырылған және жеңіл

Шығармашылық тұрғыдан Анна Обоянская онымен бірге бір толқында болатын сенімді адамдарды таңдады. Олар «DIMASH DIGITAL SHOW» – да жұмыс істеген үш басты кейіпкер: экрандардағы графика суретшісі, жарық суретшісі және хореограф.
Әр ән команданың барынша қатысуын талап етті: әртіс, музыканттар, балет, операторлар және басқалар.

Сондықтан әр нөмірді дайындау барысында барлық 140 адам жұмыс істеді. Әр адам маңызды болды.

Концерттің дайындығы кезінде басынан аяғына дейін шабытқа толы, жеңіл атмосфера орнады.

«Біз жұмыс істемедік, біз жасап шығардық. Бұл кезең менің жүрегімде ғана емес, сонымен қатар жобаның барлық қатысушыларының жүрегінде қалады деген сенімдемін», – деп бөлісті Анна.

DimashNews «DIMASH DIGITAL SHOW» онлайн-концертінің сахна сыртындағы көріністері туралы жазуды жалғастырады. Жақын арада концерттің көрнекі бөлігін құру туралы оқи аласыздар.

Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте Димаштың Түркияда өтетін мерейтойлық концертіне арналған бейнеролик көрсетілді

Димаш Құдайбергенмен түскен жарнамалық роликтер Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең үлкен және масштабты LED-экрандардың бірінде бірінші рет көрсетіліп тұрған жоқ. Бұған...

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

2024 жылдың 12 және 13 сәуірінде Димаштың жапондық жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Токиодағы теннис матчында кездесті. “Билли...

Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиет әлеміндегі қалыптасып қалған қағидалардан шығып, туындылары арқылы оқырман сезімі мен дүниетанымына әсер еткен шығармалар болған және бола да...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Польшадағы радиостанциялар хит-парадында көш бастады

13 сәуірде Димаштың «When I’ve Got You» композициясы поляк радиосының TIP TOP – Radio Nowy Świat Hit Charts бағдарламасының...

Фан-клуб тауарларын жасау және сату бойынша ұсыныстар

Димаш Dears-тың ерекше қолдауларына алғыс білдіре отырып, Dears фан-клубтары мен топтарын жарнамалайтын футболка және басқа да тауарлар жасап шығару...