ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың есімі Dears арқасында Марста пайда болды

Димаштың есімі Dears арқасында Марста пайда болды

Dears Димаштың есімі Dears арқасында Марста пайда болды

Димаштың есімі Dears арқасында Марста пайда болды

18 ақпанда жаңа ровер Perseverance Марс бетіне жетті. Ғылыми жабдықтармен қатар, ол Қызыл планетаға миллиондаған адамның есімдерін көшірді, олардың арасында Димаш Құдайберген де бар.

Perseverance ровері 2020 жылдың 30 шілдесінде алыс сапарға аттанып, жеті айдан кейін Қызыл планетаға сәтті қонды. Ruherald.com Fox News–ке сілтеме жасай отырып, Perseverance NASA жіберген ең технологиялық жағынан дамыған робот екенін хабарлайды.

2,7 миллиард доллар тұратын Ровер Марс күніне орташа есеппен 200 метрді бағындырады. Ол ұзындығы шамамен 2 метр манипулятор қолымен, бұрғылаумен және ғылыми құрылғылармен жабдықталған, оның ішінде жоғары ажыратымдылықтағы түсірілім камерасы, ауа-райын өлшеуге және шаңды бақылауға арналған сенсорлар, рентген жүйесі және тау жыныстарының химиялық құрамын өлшеуге арналған камера жүйесі бар.

Сондай-ақ, Perseverance Марсқа коронавирустық инфекциямен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш тақта және NASA-ның «Марсқа өз есіміңді жібер» акциясына қатысқан 11 миллионға жуық адамның аты жазылған тырнақ көлеміндегі үш кремний чиптерін жеткізді.

АҚШ, Түркия, Ресейді қоса алғанда, түрлі елдердегі Dears тақтайшаға Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің есімін қоюды ұсынды.

Perseverance роверінің Марстағы ежелгі өмірдің белгілерін іздеу және планетаның бетін зерттеу миссиясы шамамен екі жылға созылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...

Мексикадағы Димаш Құдайбергеннің муралы қалай жасалды?

Мексиканың Монтеррей қаласындағы Димаш Құдайберген бейнеленген мурал қала аумағынан тыс жерлерге де кеңінен танылып үлгерді. 14 қарашадағы концерттен кейін...

Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен танысу туралы

Мексикалық блогер Лео Кантро (Leo Cantro) бірнеше жылдан бері испантілді аудиторияны Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен, қазақтың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып...