ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Индонезиялық гамеланның дыбыстауындағы "Любовь уставших лебедей"

Индонезиялық гамеланның дыбыстауындағы «Любовь уставших лебедей»

Dears Индонезиялық гамеланның дыбыстауындағы "Любовь уставших лебедей"

Индонезиялық гамеланның дыбыстауындағы «Любовь уставших лебедей»

Индонезиядағы Димаштың Фан-клубы «Любовь уставших лебедей» әнін дәстүрлі гамелан оркестрінің орындауында ұсынады.

Wikimedia Commons

Гамелан — Ява және Бали аралдарында пайда болған дәстүрлі Индонезиялық музыкалық ансамбль. Гамеланның негізін бонанг, гендер, гонг, кенданг, кенонг, сарон, ребаб және басқа да музыкалық аспаптар құрайды.

Олардың кейбіреулері қазақ халық музыкалық аспаптарымен ұқсастығы бар. Мысалы, ребаб — қобызға ұқсас әдемі ішекті аспап, ал кенданг — қазақ дауылпазының ойнау техникасына ұқсас арнайы техника қажет ұрмалы аспап.

Гамеланның тарихы сол кезде Индонезия архипелагында үстемдік еткен индуизм мен буддизм мәдениетінен басталды. Яван мифологиясына сәйкес, гамеланды б.з.д. 230 жылы Батара Гуру құдайы жасаған (көбінесе Шивамен анықталған). Аңыз бойынша, Батара Гуру құдайларды шақыру үшін қолданылған бірнеше гонгтар жасаған. Кейіннен бұл гонгтар гамеланның құрамына кірді.

Wikimedia Commons

Гамеланның ерекше және белгілі бір дәрежеде мистикалық дыбысы бүкіл әлемге тез таралды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдар оны зерттеуге қызығушылық танытты.

АҚШ композиторы Джоди Даймонд американдық Гамелан институты шығарған «Балунган» журналында, АҚШ пен Жапонияның кейбір университеттерінде студенттер арасында гамеланды зерттейтін арнайы сыныптар бар деп жазды.

Гамеланның ең құрметті орындаушылары мен танымал тұлғаларының бірі – Васитодининграт. Ол 1909 жылы 17 наурызда Джокьякартада дүниеге келді және осы дәстүрлі Индонезиялық оркестр туралы білімді өз Отанында және шетелде таратуда маңызды рөл атқарды. Васитодинингграт ребабта ойнады, пакуаламан княздігінің сарайында ансамбльді басқарды және бүкіл әлемдегі университеттерде гамелан өнерін үйретті.

Гамелан синден деп аталатын әншілерді сүйемелдейді. Бастапқыда олар тек қыздар құралған, бірақ қазір синден де ер адамдар жиі кездеседі.
Бұрын бұл вокалистер тек дәстүрлі әндерді орындаған, бірақ уақыт өте келе олардың репертуары әртүрлі жанрлармен толықтырылды, олардың ішінде кампурсари, ланггам-джава және шетелдік поп.

Гамелан және Димаш

Жақында Димаштың Индонезиялық «DID» фан-клубының Кики Чан есімді бойжеткені қазақстандық орындаушы репертуарындағы Игорь Крутойдың «Любовь уставших лебедей» әнінің аспаппен орындалған үніне гамелан орындаған әуенді қосып, жаңа караоке-нұсқасын ұсынды. Көптеген Dears бұл нұсқаны өздерінің каверлеріне пайдаланады.

Болашақта Кики Чан әнді өзіне ыңғайлы етіп шырқау үшін синденді шақыруды жоспарлап отыр. Фан-клубқа қатысушылардың бірі Нита Тамрин мәтіннің Индонезиялық нұсқасын жазды және жоспарды жүзеге асыру үшін синденге хабарласты.

Дәстүрлі Индонезия мәдениеті тақырыбының жалғасында бұл жолы Бельгиядан жаңалық келді. Осы елдегі Dears-тің бірі Санни Бергенова таңғажайып жобаға қатысып, оған керемет өнер көрсетті. Онда Индонезиядағы әйгілі мифтік кейіпкерлердің бірі Арджун тәжінде Димаш бейнеленген.

Арджуна-мадукара Герцогтің батыл жауынгері, ол саяхаттауды, медитацияны жақсы көреді және мәңгілік білім іздейді. Ол парасатты, тез ойлы, ақылды, сыпайы, батыл және әрқашан әлсіздерді қорғайды.

Dimash Indonesian Dears Fan Club

Соңғы жаңалықтар

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...