ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың Италиядағы жанкүйерлері мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық...

Димаштың Италиядағы жанкүйерлері мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді

Dears Димаштың Италиядағы жанкүйерлері мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді

Димаштың Италиядағы жанкүйерлері мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді

22 шілде күні Димаш Құдайбергеннің Италиядағы Italian Dears фан-клубының мүшелері Колоньо-Монцезеде (Италия) Caritas қайырымдылық орталығына барып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға азық-түлік өнімдерін табыстады.

Қайырымдылық бастамасының нәтижесінде 35 отбасы екі айға жеткілікті азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Акцияға қатысушылар Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы өздерін қайырымдылық жасауға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге шабыттандыратынын атап өтті. Олардың айтуынша, тіпті шағын ғана көмек те өзгенің өмірін жеңілдетуге ықпал етеді.

Italian Dears фан-клубының өкілдері қайырымдылық акциясына атсалысқан барлық жанкүйерлерге, сондай-ақ бастаманы қолдап, жылы қабылдаған Caritas орталығының қызметкерлеріне шынайы ризашылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...