ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Kiryu FM Димаш шығармашылығына арналған кезекті арнайы эфирін ұсынады

Kiryu FM Димаш шығармашылығына арналған кезекті арнайы эфирін ұсынады

Dimash World Kiryu FM Димаш шығармашылығына арналған кезекті арнайы эфирін ұсынады

Kiryu FM Димаш шығармашылығына арналған кезекті арнайы эфирін ұсынады

30 шілде күні Жапониядағы Kiryu FM радиостанциясы Қазақстан мен Қырғызстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған Music Forever бағдарламасының кезекті арнайы шығарылымын эфирге шығарады. Бағдарламаның басты шығарылымдарының бірі ретінде әншінің «Aqerke» атты жаңа композициясы алғаш рет Kiryu FM радиосының эфирінде ұсынылады.

Kiryu FM радиостанциясы 2020 жылдан бері, яғни алты жыл бойы жапон тыңдармандарын Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен жүйелі түрде таныстырып келеді. Осы уақыт ішінде орындаушының барлық жаңа музыкалық туындылары радиостанция эфирінде тұрақты түрде беріліп, бірнеше мәрте оның өнеріне арналған арнайы бағдарламалар ұйымдастырылды.

Кезекті Dimash Special арнайы шығарылымы Dimash Japan Fan Club жапон жанкүйерлер клубының өкілдерінің қатысуымен дайындалды. Бағдарлама аясында «Aqerke» әнімен қатар Love’s Not Over Yet, Kieli Meken, Love of Tired Swans, Daididau, Omir және Olimpico композициялары да эфирден орын алады.

Music Forever бағдарламасы Жапонияның Гумма префектурасындағы Кирю қаласынан Казудзи Като мен Кёко Ямамотоның қатысуымен дайындалады. Бағдарлама тұрақты түрде әр айдың бірінші және үшінші бейсенбі күндері Жапония уақыты бойынша сағат 19:06–19:59 аралығында эфирге шығады, ал қайталама көрсетілімі келесі күні 11:06-да ұсынылады. Ал күнтізбедегі бесінші бейсенбі болатын айларда бағдарлама ұжымы тыңдармандарға арнайы музыкалық эфир әзірлейді.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...