ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың мексикалық жанкүйерлері Dears күніне орай қайырымдылық және мәдени...

Димаштың мексикалық жанкүйерлері Dears күніне орай қайырымдылық және мәдени іс-шаралар өткізді

Dears Димаштың мексикалық жанкүйерлері Dears күніне орай қайырымдылық және мәдени іс-шаралар өткізді

Димаштың мексикалық жанкүйерлері Dears күніне орай қайырымдылық және мәдени іс-шаралар өткізді

31 қаңтар күні Димаш Құдайбергеннің мексикандық фан-клубы қазақстандық өнерпаздың жанкүйерлер қауымдастығының тоғыз жылдығына арналған Dears күні аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.

Мерекелік бағдарлама шеңберінде Димаштың жанкүйерлері қарттар үйіне барып, мазмұнды әрі жылы жүздесу өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар дене қимылына арналған жаттығулар жасап, «Tau Ishinde» әніне би билеп, аға буынды өнерпаздың шығармашылығымен таныстырды.

Кездесу барысында қарт кісілерге Димаш Құдайбергеннің атынан жеке қажеттіліктерден тұратын сыйлық жиынтықтары табысталды. Қазақстандық әншінің шығармаларын алғаш рет тыңдағаннан кейін кездесуге қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, ойларын білдірді.

Осы күні фан-клуб Мехико қаласының көрнекті туристік нысандары — Тәуелсіздік періштесі ескерткіші, Революция монументі, Сумайя музейі, Бейнелеу өнері сарайы және Ұлттық аудитория аумағында промо-тур ұйымдастырып, Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын кеңінен насихаттап, Dears қауымдастығының мерейтойын атап өтті.

Мерекелік іс-шаралар Unión Dears фан-клубы ұйымдастырған Поланко метро бекетіндегі фотокөрменің ашылуымен қорытындыланды. Dimash News галереясынан алынған, Димаштың Мексикадағы концерттеріне арналған фотосуреттер қойылған көрме келушілер үшін 8 наурызға дейін ашық болады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dimash Qudaibergen Perú World Fan Club (@dq.peruworld)

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы Алматыдағы сапарын жалғастыруда

19 наурыз күні Түркістан мен Ақтауда жоғары бағаланған «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы Қазақстанның ең ірі қаласы – «алмалы»...

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы...

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алтыншы шығарылымы вокалистердің дуэттік өнер көрсетуіне арналды. Бағдарламаның бас продюсері Димаш Құдайберген мен оның...

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...