ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Латын Америкасы елдеріндегі жанкүйерлер Димаш Құдайбергеннің әнін қазақ тілінде...

Латын Америкасы елдеріндегі жанкүйерлер Димаш Құдайбергеннің әнін қазақ тілінде орындады

Dears Латын Америкасы елдеріндегі жанкүйерлер Димаш Құдайбергеннің әнін қазақ тілінде орындады

Латын Америкасы елдеріндегі жанкүйерлер Димаш Құдайбергеннің әнін қазақ тілінде орындады

Латын Америкасы елдеріндегі Димаш Құдайберген шығармашылығының жанкүйерлері «Unforgettable Day – Faithful Love, One Voice, One Dear Family» атты музыкалық жобаларын ұсынды. Жобаның жазбасына Бразилия, Аргентина, Боливия, Уругвай, Коста-Рика, Мексика, Чили, Эквадор және Сальвадор елдерінен Dears қауымдастығының өкілдері қатысты.

Жобаның айрықша ерекшелігі – әннің қазақ тілінде орындалуы. Бұл Димаштың халықаралық аудиториясының Қазақстан мәдениетіне деген тұрақты қызығушылығын айғақтайды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер қазақ тілін меңгеруге ұмтылып, ұлттық музыкалық дәстүрмен танысып қана қоймай, қазақ халық музыкалық аспаптарында орындауды да игеруге талпынып келеді.

«Аталған жоба әртүрлі мемлекеттер мен құрлықтарда өмір сүретін, алайда өнерпаздың шығармашылығына деген ортақ сүйіспеншілік біріктірген жанкүйерлерді тоғыстырды. Таңдалған музыкалық туынды адал махаббаттың – шекарасыз сүйіспеншіліктің символы ретінде халықаралық Dears қауымдастығының философиясын айқын көрсетеді. Бұл қауымдастық үшін арақашықтық ұғымы ешқандай мәнге ие емес», – деп атап өтті жоба ұйымдастырушылары.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...