Димаштың өнеріне тәнті итальялық әнші қазақ тілінде шырқады

967

Вокалист және өңдеуші Фабио Касале қазақ тілін қалай меңгергенін айтты.

Фабио Казале Италияның астанасы Римде дүниеге келген. Ес білгеннен ол өнерге жақын өсіп, ән айтты. Бұл қалыпты жағдай, өйткені оның елі музыкалық өнердің бесігі саналады. Барлық итальяндықтардың табиғатында музыкаға құмарлық пен бейімділік бар.

Фабио гитараның бірнеше түрі, басс пен фортепианода ойнайды. Музыкант Дэвид Боуи, Фредди Меркьюри секілді ұлы орындаушылардан шабыт алатын. Ал жақында ол «S.O.S»әнін тыңдап, Димаштың шығармашылығымен танысты.

Димаштың ең жоғары және өте төмен ноталарды еркін алу қабілеті Фабионы таңғалдырды. Қазақ ұлының өнеріне тәнті болған ол кавер жасауды ойға алды.

Фабио қазақ тілін білмейді. Алайда әнді екпінсіз қалай орындады деген сауалға, ол мәтінді талдауға көп уақыт жұмсайтынын айтты.

«Самал тауға» кавер жасау өте қиын болды, өйткені мен қазақ тілін мүлдем білмеймін. Әр мәтіннің мазмұнына мұқият назар аударып, мағынасын түсініп, тыңдау арқылы түсінуге тура келді«, – дейді Фабио.

Фабионың арманы Димашпен бірге ән салу. Болашақта бірлескен композиция жазуды да ойға алып жүр. Жақында ол қазақстандық әншіге  «Angelo senza confine» (Шекарасыз періште) атты әнін арнады. Онда Димашқа айтқысы келген ойын музыка арқылы жеткізген.

Қазір Фабио Dear-лар үшін тағы бірнеше тосын сый дайындауда. «Самал таудан» басқа, ол Димаштың әніне тағы бір кавер шығаруды жоспарлап отыр. Одан соң өз әндерін жазуды бастамақшы.