Пандемияға байланысты Стинг дуэттер альбомын кейінге қалдырды

811

Стингтің «Duets» альбомында Милен Фармер, Хулио Иглесиас, Эрик Клэптон және басқа да танымал орындаушылардың жазбалары болатын. Көптен күткен альбом қазіргі жағдайға байланысты шығарылымды кейінге қалдырды.

Ақпарат көзі: Wikimedia Commons

Британдық музыкант Стингтің «Duets» жаңа альбомы 2021 жылдың наурыз айында шығатын болды. Бұл жазба өте ерекше. Өййткені, ол әр түрлі жанрдағы аңызға айналған орындаушылардың дуэттерінен тұрады.

Альбомға енген 17 композицияның ішінде Ұлыбританияның ең құрметті,рок музыканттарының бірі Эрик Клэптонмен дуэт бар.

Ақпарат көзі: Wikimedia Commons

Клэптон- Cream және The Yardbirds рок-топтарының мүшесі ретінде рок-н-ролл Даңқ залында үш рет болған жалғыз музыкант. Сондай-ақ жеке орындаушы ретінде де танымал,

Стингтің тағы бір дуэті американдық рэгги орындаушы Шэггимен жазылды. Оның аты аңызға айналған «Hot Shot» альбомы 6 миллионнан астам данамен сатылды. Алты апта ішінде Billboard Top 200-дің алдыңғы қатарынан түспеді. Ол регги жанрының тарихындағы ең көп сатылған альбом еді.

Ақпарат көзі: Wikimedia Commons

Стингтің альбомдағы басқа да серіктестері – француз дивасы Милен Фармер, американдық R’n’B әншісі Мэри Джей Блайдж. Әйгілі испан теноры Хулио Иглесиас және қазіргі заманғы ең ықпалды джаз музыканттарының бірі, пианист Херби Ханкок.

Жоспар бойынша, Стингтің «Duets» альбомы биыл қараша айының соңында тыңдаушыларға жол тарту қажет болатын. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты кешіктіріліп, альбомның шығу күнін 19 жылдың 2021 наурызына ауыстырылды.  Бұл туралы Стинг өзінің ресми Facebook-аккаунтында жазды.

Ақпарат көзі: Wikimedia Commons

Дегенмен шегерілудің артында жақсы жаңалық бар. Итальяндық әнші Зуккеро Форначаримен (Zucchero) жазылған «September» жаңа синглі 2020 жылдың 27 қарашасында, жоспарлы күнде жарық көреді.