ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаштың «When I've Got You» әні Сербия, Италия және...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Сербия, Италия және Латын Американың радиостанцияларында шырқалды

Dimash World Димаштың «When I've Got You» әні Сербия, Италия және Латын Американың радиостанцияларында...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Сербия, Италия және Латын Американың радиостанцияларында шырқалды

Димаш Құдайбергеннің «When I’ve Got You» атты жаңа композициясы әлемнің түкпір-түкпіріндегі радиодан шырқалып, өз жалғасын табуда. Сондай-ақ, жақында Сербия, Италия және Латын Американың танымал радиобағдарламаларында да қойылды.

Еске сала кетсек, Сербиядағы ең танымал «Белгард 202 радиосының» қазақстандық әртіс Димаштың дауысын өз эфирінде беруі бірінші рет емес. Бұл Сербия мен Балқандағы ең көне және ең танымал радиостанциялардың бірі. 1969 жылы негізі қаланған бұл радиостанция бүгінгі күнде де тыңдармандарының сүйіктісі болып қала береді.

Сербиядан келген Dears Димаштың қайталанбайтын ерекше даусы көне бай тарихымен танымал «Белград 202 радиосында» бұған дейін де бірнеше рет шырқалғанын үлкен жақтанышпен жеткізді.

Сербиядан кейін Димаштың жаңа шығармасы итальяндық Radio Brescia sette радиосында орындалды. Бағдарламаның Италиядағы радиожүргізушісі Донателла Вальгонио Димаштың ерекше вокалдық шеберлігі мен қайталанбас талантына таңданысын білдірді.

«Оның вокалдық деңгейіне сөз жетпейді. Ол әнші ғана емес, сонымен қатар мульти-аспапшы, композитор және 15 түрлі тілдегі әндерді орындаушы. Оның жақында шыққан «When I’ve Got you» әнінде роктан поп-музыкаға, соул мен блюзге дейін барлығы бар».

Сондай-ақ, Димаштың әні Латын Американың «Tu fandom» бағдарламасында OYE 89.7 атты радиостанциясында орындалды. Бұл бағдарламада Димашты радио жүргізуші Пончо Йезка жылы қарсы алды. Оның ойынша, жаңа композицияны түрлі медиа жобаларға, соның ішінде бейне ойындарға да саундтрек ретінде ұсынса өте тапқыр шешім болар еді.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Madison Square Garden-дағы өткен соло концерті туралы деректі фильмінің трейлерін ұсынды

2025 жылғы 5 қазанда Димаш Құдайберген әлемдегі ең әйгілі концерттік алаңдардың бірі Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden сахнасында ТМД...

Димаштың чехиялық жанкүйерлері ерекше қажеттілігі бар сәбиге қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық қорын ұйымдастырды

Чехиядағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қатарынан екінші жыл қайырымдылық бастамаларын жүзеге асырып, ерекше қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсету дәстүрін жалғастырып...

Польша мектебінде Қазақстан мәдениеті мен Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған кездесу өтті

2026 жылғы 1 маусымда Слупск қаласындағы №2 бастауыш мектепте білім беру және мәдениетаралық ынтымақтастық бастамалары аясында Қазақстан Республикасының мәдениетін...

Димаштың словакиялық жанкүйерлері мұқтаж жандарға көмектесу үшін 2000 еуро аударды

Димаш Құдайбергеннің словакиялық жанкүйерлер клубының мүшелері ауыр өмірлік жағдайда қалған адамдарға көмектесу үшін 2000 еуро көлемінде қаражат жинап, қайырымдылық...

Алматыда «Сізді сүйем…» музыкалық драмасының премьерасы өтеді

13 маусым күні сағат 20:00-де Almaty Theatre сахнасында тәуелсіз театрлық жоба – «Сізді сүйем…» музыкалық драмасының премьерасы өтеді. Қойылым махаббат,...