ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Dimash World Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Yazgi» синглі шетелдік радиостанциялардың эфирінде кеңінен таралуда. Композиция жарыққа шыққаннан кейін Бельгияның бірқатар радиостанцияларында ротацияға еніп, елдің әртүрлі өңірлерін қамтыды.

«Yazgi» Антверпен қаласында орналасқан интернет-радиостанция Toblero, сондай-ақ Megamusic радиосының эфирінен берілді. Сонымен қатар композиция Бельгияның французтілді радиостанциялары – Льеж қаласындағы AFM Radio, Farciennes қаласындағы RMS Radio және Монс шаһарындағы Radio Stars эфирлерінде тыңдарман назарына ұсынылды.

Жаңа релизге AFM Radio айрықша назар аударды. Өткен сенбіде радиостанцияның студиясында «Yazgi» әнінің тікелей эфирдегі таныстырылымы өтті. Эфир барысында Димаштың жаңа композициясы тыңдалып, синглдің промо-постері де таныстырылды.

«Yazgi» синглі 2026 жылғы 2 тамызда жарыққа шыққан болатын. Композицияның музыкасын Димаш Құдайберген жазса, ал мәтінінің авторы – Өркен Әбдіров.

Соңғы жаңалықтар

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...