ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

Dimash World Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

9 тамызда Mediaset España медиа тобының құрамына кіретін Cuatro телеарнасы эфирден Димаш Құдайбергенге және оның вокалдық мүмкіндіктеріне арналған арнайы сюжетті қамтыған жаңалықтар шығарылымын ұсынды.

Репортаж тележүргізуші Марта Рейеро жүргізген жаңалықтар бағдарламасында көрсетілді. Журналист Ноэми Баутиста оториноларинголог дәрігер Эстер Сота Эгисабальмен бірге Димаштың дауыс ерекшеліктері мен вокалдық диапазонына қатысты ерекшеліктерді талқылады.

Эфир барысында Димаштың «SOS», «Diva Dance» және «Stranger» композициялары орындалды. Сюжетте әншінің вокалдық диапазоны мен дауыс ерекшеліктеріне айрықша назар аударылды. Сондай-ақ Димаштың вокалдық мүмкіндіктері Мэрайя Кэри, Лучано Паваротти және Мария Каллас секілді әлемге танымал әншілермен салыстырылды.

Бағдарлама жүргізушісі Димаш дауысының мүмкіндіктерін атап өтіп, «адамзат үшін мүмкін еместей дауыс» деп сипаттады.

Сюжет соңында: «алты октава әлеміне алып кете алатын әнші» деген тұжырым жасалды.

Соңғы жаңалықтар

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...