ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың ым-ишара тіліндегі әндері: Қарағандыдағы Димаштың фан-клубы ым-ишарамен ән...

Димаштың ым-ишара тіліндегі әндері: Қарағандыдағы Димаштың фан-клубы ым-ишарамен ән орындайтын жас әртіспен кездесу өткізді

Dears Димаштың ым-ишара тіліндегі әндері: Қарағандыдағы Димаштың фан-клубы ым-ишарамен ән орындайтын жас әртіспен...

Димаштың ым-ишара тіліндегі әндері: Қарағандыдағы Димаштың фан-клубы ым-ишарамен ән орындайтын жас әртіспен кездесу өткізді

Димаштың туған күніне орай «ДимашКарагандаРегион» фан-клубы ым-ишара тілінің талантты орындаушысы Ернұр Саменмен кездесу ұйымдастырды.
Dears Ернұрмен 2024 жылдың қарашасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шығармашылық байқаулардың бірінде танысқан еді. Ол Димаштың әнін ым-ишарамен орындап, көрермендерді ерекше тамсандырған болатын.

Ернұр – бала кезінен есту қабілеті нашар болғандықтан, ым-ишарамен ән айтумен айналысатын жас талантты жігіт. Жас кезінен бастап ол өз ұжымының солисі ретінде өнер көрсетіп, Болгария, Санкт-Петербург, Бакуде өткен республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, көптеген жеңісті өз қоржынына салған болатын. Ол, сондай-ақ, Дельфий ойындарының алтын және күміс медальдарының иегері.

Бүгінде Ернұр өз жұмысын жалғастырып, Қарағанды қаласының есту қабілеті нашар кісілерге арналған мәдениет үйінде ым-ишара тілінде өнер көрсетуін жалғастыруда.

Dears-пен кездесуге «Стиль» ұжымының тұрақты басшысы және шараны ұйымдастыруда шешуші рөл атқарған Ернұрдың аудармашысы – Елена Литвишкова да қатысты.
Димаштың туған күні қарсаңында өткен іс-шара жылы шырайға толы атмосферада өтті. Кездесу соңында Ернұр Димаштың ең әсерлі әндерінің бірі – «Любовь уставших лебедей» әнін ым-ишарамен орындап, қатысушылар мен жанкүйерлердің жарқын эмоцияларының себепкері болды.

«ДимашКарағандаРегион» фан-клубы Ернұрға өзінің таланты, күш-жігері және шығармашылыққа деген шексіз махаббаты үшін ерекше ризашылығын білдіреді. Ернұрға шығармашылық табыстар, шабыт пен жарқын эмоцияға толы ерекше қойылымдардың көп болуын тілейміз. Ернұр сияқты әртістеріміздің арқасында Димаштың музыкасы барлығына дерлік қолжетімді және түсінікті болады деген үміттеміз», – деп бөлісті Dears.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы Алматыдағы сапарын жалғастыруда

19 наурыз күні Түркістан мен Ақтауда жоғары бағаланған «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы Қазақстанның ең ірі қаласы – «алмалы»...

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы...

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алтыншы шығарылымы вокалистердің дуэттік өнер көрсетуіне арналды. Бағдарламаның бас продюсері Димаш Құдайберген мен оның...

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...