ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы елшісімен кездесті

Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы елшісімен кездесті

Dears Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы елшісімен кездесті

Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы елшісімен кездесті

Димаш Құдайберген оңтүстік африкалық фан-клубы (DQSAFC) Қазақстанның Преториядағы Елшілігінде кездесу өткізді. Елші Еркін Ахинжанов жылы қабылдады. Қонақтар жылы атмосферада Димаштың шығармашылығын, Қазақстанның мәдени дәстүрлерін және елдер арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Алғашқы минуттардан-ақ, ерекше атмосфера толы кеш юолды. Жанкүйерлерді қонақ ретінде емес, Димашқа деген сүйіспеншілік пен Қазақстанға деген құрмет біріктірген пікірлес адамдар ретінде қарсы алды. Мәдени алмасудың белгісі ретінде фан-клуб елшіге Димаштың дүние жүзіндегі концерттеріне келген оңтүстік африкалық жанкүйерлер бейнеленген фотоколлажды сыйға тартты.

Кездесуге Оңтүстік Африкадан ғана емес, Нью-Йорктен де Димаштың жанкүйерлері келді.

Сұхбат барысында елші Қазақстанның тарихымен, қонақжайлылық дәстүрлерімен және бай музыкалық мұрасымен бөлісті. Жанкүйерлер көшпелілер мәдениеті, ұлттық аспап домбыра және қазақ тарихы Димаштың шығармашылығында қалай көрініс тапқаны туралы әңгімелерді қызығушылықпен тыңдады.

Фан-клуб мүшелері Астанаға барған сапарларындағы қымызды қалай іскендіктері туралы қызықты естеліктерімен бөлісті. Елші бұл көне сусынның ежелден емдік қасиеті болып, күні бүгінге дейін емдік мақсатта қолданылып келе жатқанын атап өтті.

Кездесудің өзекті мәселелерінің бірі мәдени ынтымақтастықты дамыту болды. Фан-клуб Оңтүстік Африкадағы Наурыз мейрамын тойлауға қатысуды, жергілікті мектептерде қазақ музыкасын насихаттауды және бірлескен балет қойылымдарына қатысуды ұсынды. Joburg Ballet және Astana Ballet арасындағы ынтымақтастық идеясы ерекше перспективаларға толы – Оңтүстік Африка әртістері Димаштың музыкасына қойылым қоюға қызығушылық танытты.

Алайда жанкүйерлердің ең үлкен арманы – Димаштың Оңтүстік Африкадағы концерті. Бұл жобаны клубтың мүшелерінің бірі Саломе бастады, өкінішке орай, ол қайтыс болып кетті. Оның құрметіне фан-клуб арманын жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылармен келіссөздерді қайта жалғастырмақшы.

Бірде Димаш: «Музыка – жан-дүниеңе тіл бітңретін әмбебап тіл» деген екен. Бұл кездесу осы сөздердің жанды дәлелі болды.
Біз Елші Еркін Ахинжановқа, Бірінші хатшы Әнуар Кенжетаевқа және Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы Елшілігінің бүкіл ұжымына қонақжайлылығы, жомарттығы және мәдени алмасудың күшіне сенгені үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Ал бұл бастамасы ғана. Біз бірге Димашқа қолдау көрсетуді, Қазақстанның бай мұрасы туралы көбірек білуді және олардың сүйікті орындаушысының музыкасын Оңтүстік Африкада және одан тыс жерлерде адамдарға көбірек таныстыруды жалғастырамыз», – деп бөлісті фан-клуб мүшелері.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Алматы қаласындағы Балаларға паллиативтік көмек көрсету орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Димаштың туған күні қарсаңында жанкүйерлері дәстүрлі түрде түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. “Phoenix Twitter Dears” халықаралық фан-клубы Алматыдағы онкологиялық ауруға...

Димаш Құдайберген Кокс-Базардағы қоныс аударушылар лагерінен гуманитарлық үндеу жасады

Бангладешке гуманитарлық миссия аясындағы іссапары барысында БҰҰ-ның көші-қон мәселелері жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының...

БҰҰ-ның көші-қон мәселелері жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген босқындар лагерлеріндегі гуманитарлық операциялармен танысты

Димаш Құдайбергеннің Бангладешке жасаған гуманитарлық сапары туралы ақпаратпен бөлісуді жалғастырамыз. Бұл сапар барысында өнер иесі гуманитарлық бағдарламалардың жүзеге асырылу...

Мәдени мұра және музыка: Димаш Кокс-Базардағы рохинджа қауымдастығының музыканттарымен кездесті

18 мамыр күні Бангладешке БҰҰ-ның Көші-қон жөніндегі ізгі ниет елшісі ретіндегі гуманитарлық миссиясы аясында барған Димаш Құдайберген рохинджа қауымдастығының...

Димаш Құдайберген Кокс-Базардағы мәжбүрлі қоныс аударушылар лагеріне барды

18 мамыр күні гуманитарлық миссиямен Бангладешке келген БҰҰ-ның көші-қон мәселелері жөніндегі Жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген Бангладештегі мәжбүрлі...