ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Эквадордың танымал радиосы Димашқа шығарылым арнады

Эквадордың танымал радиосы Димашқа шығарылым арнады

Dears Эквадордың танымал радиосы Димашқа шығарылым арнады

Эквадордың танымал радиосы Димашқа шығарылым арнады

Әлемдегі беделді «LOS40» радиостанциясының «Yo soy tu Fan» бағдарламасында Димаш Құдайбергенге арналған шығарылым жарық көрді. Бағдарламаның шақырылған қонақтары, Димаштың Эквадордан келген жанкүйерлері екі сағат бойы радио тыңдаушыларын қазақстандық әншімен және оның шығармашылығымен таныстырды.

«LOS40» — 1966 жылы Испанияда құрылған әйгілі радиостанция. Осы уақытқа дейін бұл радиостанция үлкен танымалдылыққа ие болып, бүгінде Аргентина, Чили, Колумбия, Коста-Рика, Эквадор, Испания, Гватемала, Мексика, Панама және Доминикан Республикасы сияқты елдерде хабар таратады. 2019 жылы Испания бойынша күнделікті радио тыңдаушыларының саны 2,8 миллионға жеткен болатын.

2024 жылдың 20 сәуірінде LOS40 арнасында Димаштың «When I’ve Got You», «The Story of One Sky», «SOS D’un Terrien En Détresse» және т.б әндері орындалды. Радио жүргізушісі Кэри Ариас әншінің өнеріне тамсанып, Эквадордан келген Dears тобын «Yo soy tu Fan» бағдарламасының келесі бөлімдеріне қатысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...