ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Эмоционалды аштықты емдеу құралы

Эмоционалды аштықты емдеу құралы

Басты жаңалық Эмоционалды аштықты емдеу құралы

Эмоционалды аштықты емдеу құралы

Қуаныш көз жасы, «кесте бойынша» жаңбыр және Димаш қазылар алқасында… XXX «Витебскідегі Славян базары» қалай өткендігі туралы фестиваль директоры Глеб Лапицкий DimashNews-ке берген сұхбатында айтып берді.

– Глеб, сіздерді осындай үлкен фестивальмен құттықтаймыз! Мерейтой қарсаңында қандай сезімді бастан кештіңіз?

– Ең алдымен, фестивальдің барлық қатысушыларына алғысымды білдіргім келеді, солардың арқасында бұл керемет мереке болды. Мен ең жағымды эмоцияларды сезіне алдым, өйткені биыл, Беларуссиядағы халықтар бірлігі жылы, біз бәріміз бірігіп, фестивальді өткізе алдық. Әртістер, ұйымдастырушылар мен көрермендер күрделі эпидемиологиялық және логистикалық жағдайларға қарамастан бір үлкен үйлесімді механизм ретінде әрекет етті. Біз бірге «Славян базары» өмір сүргенін, өмір сүретінін және өмір сүре беретінін көрсеттік.

– Бұл фестиваль сіз үшін нені білдіреді?

– Мен үшін бұл менің өмірімнің ең маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл жоба, бұл бренд, бұл достардың кездесу орны. Бұл адамдарға ең маңызды нәрсе – эмоция сыйлайтын біріктіруші фактор. Әсіресе, біздің көпшілігіміз эмоционалды аштықты сезінетін қиын уақыттамыз. Фестиваль сыйлайтын барлық осы эмоциялар өте жағымды. Мұнда көз жасы пайда болса – олардың бәрі қуаныш пен жарқын ностальгиядан. Менің ойымша, «Славян базары» – бұл сезімнің нағыз палитрасы.

– Жыл сайын фестиваль өз қонақтарын таң қалдыруға тырысады. Бұл жолы көрермендер қандай тосынсыйларды көрді?

– Тосынсыйлар туралы қонақтардан сұраған дұрыс шығар, бірақ біз әр алаңда қызықты және таңғажайып нәрсе жасауға тырыстық. Жазғы амфитеатр сахнасында мұз бен рок музыкасынан бастап, дәстүрлі «кесте бойынша» жаңбырға дейін. Биыл біз үлкен көрме және театр бағдарламаларын ұйымдастырдық. Ашық алаңдар мен концерт залдарында қызықты іс-шаралар өткізілді. Әр жоба өзіндік ерекше және өзгеше болды. «Славян базары» жалпы көп жанрлық принцип бойынша құрылған. Бұл -мүлдем басқа бағыттарды қамтитын және бір-біріне сәйкес келмейтін бірнеше фестивальдердің бірі.

– Мерейтойлық фестивальге қатысушылардың қайсысы ерекше есте қалды?

– Білесіз бе, биылғы байқауға қатысушылар – шын мәнінде нағыз жеңімпаздар. Әр түрлі елдер мен мәдениеттерді ұсына отырып, олар шығармашылықтың ешқандай шекарасы жоқ екенін, бұл бәрінен тыс, бәрінен жоғары екенін дәлелдеді.
Сондай-ақ, «Славян базарында» жыл сайынғыдай халықаралық үлкен қазылар алқасы жұмыс істеді, оған кез келген ұйымдастырушы қызыға да қызғана қарай алады, өйткені біз жоғары деңгейдегі шеберлерді жинадық.

– Қазылар алқасын таңдау кезінде сіз қандай принциптерді басшылыққа аласыз?

– Ең алдымен – олардың кәсібилігі және маңыздылығы. Біз қазылар алқасының құрамына бұрын «Славян базарына» қатысқан әртістер кіргеніне өте қуаныштымыз. Сонымен бірге біз өзімізге жаңа адамдарды үлкен қуанышпен қабылдаймыз. Мысалы, биылғы жылы бізге Ottawan тобының жетекшісі Патрик Жан-Батист қосылды.

– Димаш бірден қазылар алқасының құрамына кіруге келісті ме?

– Иә, біз оған өте ризамыз. Себебі ол ерекше дауысы мен энергиясы бар орындаушы, сонымен қатар үлкен кәсіпқой. Димаш – біздің байқауымыздың лауреаты және ол біздің қатысушыларымызды және болашақтағы жеңімпаздарымызды бағалауға лайықты адам. Ол барлық лауреаттарға шығармашылық жолының неден басталғанын ұмытпай, өздерімен жұмыс істеуге және тек алға қарай жүруге үлкен стимул береді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақ тіліндегі экран дикторының тұсаукесері: көру қабілеті нашар жандар үшін жаңа мүмкіндіктер

27 наурызда Астанада көру қабілеті нашар жандардың ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдетуге арналған қазақ тіліндегі экран дикторының тұсаукесері өтті. Ш.Шаяхметов...

Димаштың «When I’ve got you» әні Чили мен Эквадор радиостанцияларында 1-орынға ие болды

25 наурызда Димаш Құдайбергеннің шығармасы Чили мен Эквадордың радио-парадтарында 1-ші орынды иеленді. Чилидегі Radio Hoy радиостанциясында «When I’ve got...

Латвияда Наурыз мейрамына арналған концерт өтті

«Қош келдің, Наурыз!» - деген тамаша атаумен алғашқы рет Балтық жағалауы елдері, оның ішінде Латвияда Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау...

«Dears әлемнің қай түкіпірінде болса да Қазақстандық бауырларына қамқорлық көрсетіп, көмек қолын созуға әрқашан дайын»

Димаш Құдайбергеннің Dears деп аталатын жанкүйерлері шын мәнінде бір-біріне жанашыр үлкен отбасы. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері түрлі акциялар ұйымдастырып,...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Сербия, Италия және Латын Американың радиостанцияларында шырқалды

Димаш Құдайбергеннің «When I’ve Got You» атты жаңа композициясы әлемнің түкпір-түкпіріндегі радиодан шырқалып, өз жалғасын табуда. Сондай-ақ, жақында Сербия,...