ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Канадалық La Press газетінде Димаштың суреті берілген баннер жарық...

Канадалық La Press газетінде Димаштың суреті берілген баннер жарық көрді

Dimash World Канадалық La Press газетінде Димаштың суреті берілген баннер жарық көрді

Канадалық La Press газетінде Димаштың суреті берілген баннер жарық көрді

Димаш Құдайбергеннің канадалық жанкүйерлері Канададағы айына 4 миллионға жуық оқырманды қамтыған әйгілі La Presse газетіне жарнама ұсынды. 2024 жылдың 9 қарашасы мен 22 қарашасы аралығында «Өнер және музыка» бөлімінде Димаштың ән орындап жатқан видеосына сілтемесі бар 25 000 баннерлік жарнама орналастырылды.

Жобаның бастамашылары жарнамаға жаңа тыңдаушыларды тартып, Канаданың француз тілді тұрғындары арасында Димаш шығармашылығының бірегейлігін танытады деп үміттенеді. Науқан әншінің жақында Францияға сапарының үлкен табысынан кейін басталған болатын. Димаштың Франция мен Канадада мойындалған S.O.S әнін орындауы әсіресе Квебек пен басқа провинциялардың француз тілді тұрғындары арасында танымал болды.

La Presse-дегі жарнамалық науқан Қазақстанға деген қызығушылықтың артқанын атап өтті. Биыл осы газетте елімізді саяхат пен мәдени алмасудың бірегей мекені ретінде көрсететін мақалалар топтамасы жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...

Мексикадағы Димаш Құдайбергеннің муралы қалай жасалды?

Мексиканың Монтеррей қаласындағы Димаш Құдайберген бейнеленген мурал қала аумағынан тыс жерлерге де кеңінен танылып үлгерді. 14 қарашадағы концерттен кейін...

Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен танысу туралы

Мексикалық блогер Лео Кантро (Leo Cantro) бірнеше жылдан бері испантілді аудиторияны Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен, қазақтың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып...

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...