ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Халықаралық жанкүйерлер хоры Димашты қазақ тілінде туған күнімен құттықтады

Халықаралық жанкүйерлер хоры Димашты қазақ тілінде туған күнімен құттықтады

Dears Халықаралық жанкүйерлер хоры Димашты қазақ тілінде туған күнімен құттықтады

Халықаралық жанкүйерлер хоры Димашты қазақ тілінде туған күнімен құттықтады

Димаштың 31 жылдығына орай Dears DiVoices хоры құттықтау ретінде қазақтың «Daididau» әнін жазды. Хорда Польша мен Жапониядан келген әртістің жанкүйерлері бар.

«Димаш – қазақ мәдениетінің әлемдегі ең үздік елшісі. Қазақстанның тілі мен мәдениеті ол үшін қаншалықты маңызды екенін білеміз. Біз әнді әншінің ана тілінде орындай отырып, осындай ұлы әртіс пен мейірімді адамды тәрбиелеген қазақ халқына құрмет көрсеткіміз келді», – дейді Димаштың поляк фан-клубының әкімшісі Тереза Какол.
«Біз кәсіпқой емеспіз, бірақ әнді жан-тәнімізбен орындаймыз. Біздің музыкалық сыйлығымыз Димашқа ерекше көңіл-күй сыйлайды деп үміттенеміз. Біз оған әдемі музыкасы үшін, Dears -тен тапқан достарымыз үшін және мүмкін деп ойламаған нәрсені жасауға шабыт сыйлағаны үшін алғыс айтамыз», – деп хордың негізін қалаушы Агнешка Хлап өз әсерімен бөлісті.

«Daididau» – DiVoices хорымен орындалған Димаштың репертуарындағы алтыншы ән. Олар бұған дейін «Mahabbat ber magan», «Marigolds», «Ikanaide», «Autumn Strong» және «Unforgettable Day» композицияларының нұсқаларын ұсынған болатын. Төрт дауысты хорға арналған барлық әндердің аранжировкаларын пианист Ольга Попова дайындады.

Хордың қойылымдарын Димаштың поляк фан-клубының YouTube арнасынан тыңдауға болады.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы Алматыдағы сапарын жалғастыруда

19 наурыз күні Түркістан мен Ақтауда жоғары бағаланған «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы Қазақстанның ең ірі қаласы – «алмалы»...

Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon музыкалық реалити-шоуы экваторлық межеден өтті

Димаш Құдайбергеннің идеялық бастамасымен және атқарушы продюсерлігімен жүзеге асырылған музыкалық жоба жарты жолды еңсерді – он екі бөлімнің алтауы...

Латын Америкасының жеті елінен жиналған жанкүйерлер қазақтың «Дайдидау» әнін орындады

Латын Америкасының жеті елінен - Бразилия, Коста-Рика, Сальвадор, Боливия, Чили, Мексика және Аргентинадан - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «LATAM Voces...

Димаш пен Мансұр Құдайберген «Voice Beyond Horizon» шоуының жаңа шығарылымында «SAMGAU» әнін таныстырды

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуының алтыншы шығарылымы вокалистердің дуэттік өнер көрсетуіне арналды. Бағдарламаның бас продюсері Димаш Құдайберген мен оның...

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...