ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық "Махаббат өзені": Ренат Гайсин мен Димаш Құдайбергеннің жаңа аспаптық...

«Махаббат өзені»: Ренат Гайсин мен Димаш Құдайбергеннің жаңа аспаптық жұмысы

Басты жаңалық "Махаббат өзені": Ренат Гайсин мен Димаш Құдайбергеннің жаңа аспаптық жұмысы

«Махаббат өзені»: Ренат Гайсин мен Димаш Құдайбергеннің жаңа аспаптық жұмысы

NoБелгілі қазақ композиторы Ренат Гайсин жазған композиция жарыққа шықты. Димаш Құдайберген композициядағы домбыра партиясын орындады. DimashNews оның қалай құрылғаны туралы хабарлайды.

«River Of Love» трегінің тарихы 2011 жылы басталды. Ренат Гайсин АҚШ-тан Қазақстанға ұшып келе жатқанда, кенеттен ұшақтың иллюминаторы арқылы өте ұзын өзенді көреді. Ол соншалықты шексіз болғандықтан, композитор тағы да ғаламшарымыздың табиғатына таңдана қарайды. Дәл сол уақытта оның ойында болашақ композицияның әуені пайда болады. Сол сәтте ұшақта отырып ол ойындағы әуенді нотаға түсіреді.

«Мен үшін су әрқашан өмір мен шексіз махаббаттың қайнар көзі болды. Композицияны құрастыра отырып, оның әуені біздің халық аспабы – домбыра үшін өте қолайлы екенін түсіндім», – деп бөлісті Ренат Гайсин.

Автор оны танымал қазақстандық виртуоз домбырашы Асылбек Еңсеповке орындауды ұсынды. Содан кейін, студияда жазу барысында оған «Махаббат өзені» атауын беру туралы шешім қабылданды. Студияда трек жазып, музыканттар оны сол жылы жарыққа шығарды.

Он жылдан кейін композиция жаңаша әуенге ие болды. Барлығы дерлік кездейсоқ жағдай.

Бірде Ренат пен Димаш студияда жұмыс істеу барысында, кенеттен Димаш әрбір қазақстандыққа белгілі әуенді ойнай бастады.

Композитордың айтуынша, Димаш оны «жаңа тыныспен» ойнаған.

Бұл дыбыс оны шабыттандырғаны соншалық ол бірден жаңа түпнұсқа аранжировка жасау үшін компьютер алдына жайғасты.

«Сол күні Димаш домбыра партиясын жазды, шығарма мүлдем жаңаша әрі стильді шырқалды. Сондай-ақ, ол өзінің қайталанбас вокализдерін қосты, бұл композицияға одан да көп эмоциялар берді. «River Of Love» енді Димаштың орындауында жаңаша шырқалатынына өте қуаныштымын», — деп түйіндеді автор.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...