ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Мексикадағы зор табыс: Димаш Құдайберген Латын Америкасындағы екінші концертін...

Мексикадағы зор табыс: Димаш Құдайберген Латын Америкасындағы екінші концертін өткізді

Dimash World Мексикадағы зор табыс: Димаш Құдайберген Латын Америкасындағы екінші концертін өткізді

Мексикадағы зор табыс: Димаш Құдайберген Латын Америкасындағы екінші концертін өткізді

10 қазан күні Димаш Құдайберген Латын Америкасындағы алғашқы табысын тағы да қайталады – Мехикодағы әйгілі «Palacio de los Deportes» спорт сарайында өткен екінші концертіне 15 000 көрермен жиналды.

Көрермендерге толы болған зал мен сахна Димаштың жетекшілігімен алып оркестрге айналғандай әсер қалдырды. Әншінің қайнап тұрған темпераментіне қарамастан, көрермендер әрбір нотаға, әр қол қимылына, әрбір күлкісіне дейін мұқият назар аударып отырды. Ду қол шамапалаққа ұласқан зор қошемет пен терең тыныштық алма-кезек өрбіді. Кештің басты кейіпкері нағыз дирижердей көрермендердің көңіл-күйін басқарып, сахнадан ұшқан әрбір музыкалық лепті дәл жүректеріне жеткізе білді.

Бұл күн тек көрермендер үшін ғана емес, өнер иесінің өзі үшін де ерекше болды. Димаш көрермендер сыйлаған Мексика туын қолына ұстап, сол әнін шырқап, кейін өз елінің – Қазақстанның туына оранып, ел мен халық арасындағы рухани байланысты ерекше сәтпен айшықтады.

Кеш бойы сахнада көрермен сыйлаған ұлттық мексикалық ойыншықты құшақтаған сәтінен бастап, Dears жанкүйерлері сыйға тартқан гүл өрнекті жейдемен ән айтқан әсерлі де жүрекжарды сәттер көп болды. «Махаббат бер маған» әнін тікелей көрермендер арасынан орындауы да, әйгілі «Besame Mucho» әнінің әсері де ұмытылмас әсер қалдырды.

Концерттің финалында Димаш домбыра дуэтімен бірге экспромт түрінде күйлерден попурри орындап, Латын Америкасына қазақ елінен ыстық сәлем жолдады.

Концерттен кейін әлеуметтік желілерде Димаштың мексикалық жанкүйерлері өз әсерлерімен бөлісіп, бейнежазбалар мен жүрекжарды пікірлер жариялады:

«Димаштан сарқылмас энергия тарап, әр қимылынан шексіз бақыт сезімі сезілді! Ол билеп, жүгіріп, күліп, шексіз алғыс айтып, әр уақыттағыдай мінсіз орындады!»

«Мен даусымнан айырылып, жылап жібердім, бірақ бұл әр айқай мен әр қошеметке тұрарлық еді. Бәрі сондай ғажайып болды, бақыттан ұйқым қашты».

«Мен концертке ғашық күйде келіп едім, ал кетерде одан да бетер ғашық болып шықтым. Әр әннен кейін орнымнан тұрып қол соқтым. Бұл керемет сезім! Мені қайта сол концертке апарыңыздаршы!»

«Бақыт – Димаштың концертін сипаттайтын сөз дер едім. Алғашқы минуттардан-ақ үш сағатқа созылған эмоция вулканы, энергетика ерекше болды. Оның таланты, харизмасы, таңғаларлық энергиясы мен әр орындауға жұмсайтын зор күші, бәрі де көрерменді баурап алды.
Латын Америкасы жылдар бойы оның басқа құрлықтардағы концерттерін бақылап келді, ал енді оны өзіміздің сахнада тамашалау – шексіз қуаныш. Димаштың жүзінде де осы бақыт пен толқу айқын сезілді. Кей сәттерде оның өзі де бұл сүйіспеншілікке сене алмай, таңданысын жасыра алмады.
Ол испан тілінде мінсіз сәлем жолдап, алғысын білдірді. Біз бәріміз түс көріп жатқанадай күйде едік. Ол сан мәрте алғыс айтып, сәлем жолдап, көрермендермен жылы байланыс орнатты.
Мен басқа концерттерде мұндайды көрмедім. Әр ән аяқталған сайын жұрт орнынан тұрып, әншіге құрмет көрсетті. Димаш осы махаббатқа әбден лайық. Біз, латинамерикалықтар, сезімімізді жасырмаймыз, шынайы махаббатты бүкіл жүрегімізбен жеткіземіз.
Кеше Димаш үшін жаңа көкжиектер ашылды. Латын Америка кең, әрі мұнда оның үлкен тыңдарман қауымы бар. Бізге бұл ғажайып әртістің өнерінен ләззат алатын уақыт келген секілді. Димаш бақытты болды, бұл сезімді жасырған жоқ. Оның армандары орындалып жатыр, ал оның осылайша бақытты екенін көру – бізге де ерекше қуаныш сыйлайды».

Соңғы жаңалықтар

Түркістаннан шаһарынан алған әсер әнге жалғасты – Димаш Құдайберген «Voice Beyond Horizon» жобасының үшінші эпизодын ұсынды

19 ақпанда Hunan TV және Mango TV платформаларында Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-жобасына қатысушылардың орындауындағы әндер қайтадан...

«Димаш: бір дауыс – мың ел» – Алматы қаласында халық музыкалық аспаптары көрмесінің ашылуы өтті

2026 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Димаш: бір дауыс – мың...

Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа автокөлік сыйлайды

Димаш Құдайберген ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровты Миланда өткен Қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап,...

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне арналған аспаздық шеберлік сабағы өтті

Ақпан айында Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде Төтенше және Өкілетті Елші Ерлан Баударбек-Қожатаевтың қолдауымен «Uly Dala Dami» атты қазақ асханасына арналған...

«Voice Beyond Horizon» жобасының екінші эпизодында Димаш Құдайберген әлемге Түркістан шаһарының әсемдігі мен рухани даналығын көрсетті

Мыңжылдықтар бойына келбетін сақтаған қасиетті қала алтын түсті жылы реңкке бөленіп, таң шапағы Түркістан аспанын нұрландырды. Сегіз саяхатшы Қытай,...