ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Мексикалық Dears Қазақстанға танымал саяхатшыны қарсы алды

Мексикалық Dears Қазақстанға танымал саяхатшыны қарсы алды

Әлем Мексикалық Dears Қазақстанға танымал саяхатшыны қарсы алды

Мексикалық Dears Қазақстанға танымал саяхатшыны қарсы алды

Мексика — велосипедші Талғат Жұмабековтің Қазақстан туымен келген 42-ші елі. Ол жақта велосипедші Dears-пен кездесіп, Қазақстанның мәдениеті мен Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы туралы әңгіме өрбітті.

Қазақстандық медиакеңістікте велосипедші Талғат Жұмабековтің 2015 жылдан бері Алматы қаласынан бастау алып, алғашқы саяхатына аттанғаны белгілі. Содан кейін Талғат алғашқы велотурын Мысырда аяқтап, 5 елді бағындырған болатын.

Қазіргі уақытта велосипедші әлем бойынша бесінші саяхатын тәмамдайды. Оның жүріп өткен бағыты Аляска арқылы Канада мен АҚШ жерлері. Содан кейін Талғат Жұмабеков Мексикаға келіп, Димаштың жергілікті жанкүйерлерімен кездесті.

Велосипедшінің айтуынша, Оңтүстік Америкалық Dears қазақстандық орындаушының шығармашылығын жақсы көреді, тіпті оның ана тілін де үйрену үстінде.

«Жергілікті жастардың біздің орындаушының шығармашылығымен етене таныс екеніне көзім жетті. Бұл жерде Димаштың өз жанкүйерлері бар, олармен кездескеніме өте қуаныштымын. Тіпті бір мексикалық сайт Димаш Құдайбергеннің жерлесі, яғни менің Мексиканы аралайтыным туралы жаңалықты да жариялады», — деп бөлісті Талғат.

Димаштың Мексикадағы Dimash Kudaibergen Dears México Фан-клубы ең ірі клубтардың бірі болып табылады. Оның Фейсбуктегі белсенді қолданушыларының саны 23 мың адамға жетеді, олар өз елінде әншінің шығармашылығын насихаттау үшін көп жұмыс істеу үстінде.

Мексика туралы айта келе, велосипедші жергілікті табиғи ландшафттар Қазақстанның далалары мен төбелерін, ал мексикалық ауылдар – қазақ ауылдарына қатты ұқсайтынын және есіне түсіретінін айтып өтті. Сондай-ақ, Талғатқа мексикалықтардың қонақжайлылығы мен достығы қатты ұнада, бұл да оған өзінің салт-дәстүрін еске салды.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Yazgi» синглі шетелдік радиостанциялардың эфирінде кеңінен таралуда. Композиция жарыққа шыққаннан кейін Бельгияның бірқатар радиостанцияларында ротацияға еніп,...

Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

9 тамызда Mediaset España медиа тобының құрамына кіретін Cuatro телеарнасы эфирден Димаш Құдайбергенге және оның вокалдық мүмкіндіктеріне арналған арнайы...

«Yazgı»: Димаштың түрік тіліндегі тұңғыш авторлық әнінің жазылу тарихы

3 тамызда продюсер, композитор, әнші әрі көптеген музыкалық шығармалардың авторы Димаш Құдайберген тыңдармандарына түрік тіліндегі алғашқы авторлық туындысы –...

Испанияның El Mundo газеті Димаш Құдайберген туралы көлемді мақала жариялады

Димаш Құдайбергеннің есімі тағы да Испанияның беделді басылымдарының бірінен көрініс тапты. Испаниядағы ірі ұлттық газеттердің бірі – El Mundo...

Димаш Құдайбергеннің «DiMENSIONS» атты әлемдік туры

Димаш Құдайбергеннің жаңа «DiMENSIONS» жобасы – уақыт пен кеңістікті шарлау идеясына негізделген туынды емес, бұл – әртістің болмысын оны...