ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Наурыз мерекесіне орай «KIELI MEKEN» жарыққа шықты

Наурыз мерекесіне орай «KIELI MEKEN» жарыққа шықты

Dimash World Наурыз мерекесіне орай «KIELI MEKEN» жарыққа шықты

Наурыз мерекесіне орай «KIELI MEKEN» жарыққа шықты

Димаш Құдайберген Қазақстандағы ең сүйікті көктем мерекесіне орай өзінің YouTube-арнасында көпшілікке сый жасады. Қазақстандық орындаушы шығармашылығының жанкүйерлері «Dimash DIGITAL SHOW» алғашқы онлайн-концертінде «KEILI MEKEN» атты композицияны алғаш рет тыңдаған болатын.

Қазақстандағы Наурыз мерекесінің тарихы

Urta nomadic house around poppy flowers on the field at spring time in central Asia

Наурыз (Новруз, Навруз) тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ көптеген түркітілдес елдерде де тойланады және әрбір халықтың осы мерекеге байланысты өз дәстүрлері бар. Парсы тілінен аударғанда «Новруз» «Жаңа күн» деген мағнаны білдіреді және оның тарихы сонау ғасырлар қойнауынан бастау алады.

Қазақстанда Наурыз – 22 наурызда атап өтілетін ең басты мерекелердің бірі. Наурыз күнтізбе бойынша табиғаттың жаңаруын және жаңа жылдың басталуын білдіреді. Ежелгі заманнан бері бұл күн көшпелі уақыттың басталуы – қатал қыс аяқталып, табиғатта жаңа өмір пайда болатын кезең.

Наурыз мейрамындағы қазақ дәстүрлері

Asian dishes and Dombra Kazakh instrument on the table

Биыл Мәдениет және спорт министрлігі Наурызды 10 күн – 14-23 наурыз аралығында атап өтуді ұсынды. Сонымен қатар, 10 күннің әрқайсысының ресми атауы болады:

14 наурыз – «Көрісу күні»
15 наурыз – «Жайлау күні»
16 наурыз – «Шежіре күні»
17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»
18 наурыз – «Игі істер күні»
19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні»
20 наурыз – «Зияткерлік күні»
21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»
22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»
23 наурыз – «Жоралғы күні»

Қазақстанның кейбір аймақтарында Наурызды тойлау 14 наурыздан басталады. Бұл күні адамдар сәнді киімдерін киіп, қатал маусымға шыдамдылық танытып, қыс мезгілінің ақыры аяқталғанына қуанып бір-бірімен көріседі.

Қазақстанның батыс аймағында «көрісу» деп аталатын ескі дәстүр әлі күнге дейін сақталған. Бұл күні адамдар бір-біріне барып, кездесу кезінде міндетті түрде қол алысып: «Өткен жылыңмен!», – деп айтады, содан кейін олар да наурызға дайындала бастайды.

Қазақ халқында мерекеге байланысты аңыздар көптеп таралған. Наурыз қарсаңында қонаққа мифтік рух – Қыдыр ата келеді деп күтіледі, ол сенім бойынша үйге бақыт, молшылық пен амандық әкеледі.

22 наурызда бүкіл Қазақстан бойынша мерекелік серуен өтеді. Адамдар ән айтады, би билейді, халық ойындарына, ат жарысына қатысады және алтыбақан деп аталатын әткеншекте тербеледі.

ALMATY, KAZAKHSTAN – MARCH 22, 2015: Woman in national Kazakh costume with dombra music instrument near the table with national food in Yurt nomadic house at Nauryz celebration

Ежелгі мерекенің басты ұлттық тағамы -наурыз көже. Оның құрамындағы 7 міндетті элемент: су, ет, тұз, ұн, май, тары және сүт. Олардың болуы бақыт, сәттілік, даналық, денсаулық, байлық, тез өсу, аспанды қорғау дегенді білдіреді.

Димаш Құдайбергеннің Наурыз мерекесіне арналған сыйы

Бүгінде Наурыз Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің барлығына бірдей маңызды. Осы күнге орай Димаш Құдайберген өз арнасында 2021 жылғы 16 қаңтарда «DIMASH DIGITAL SHOW» онлайн-концертінде әншінің жанкүйерлері алғаш рет естіген «KIELI MEKEN» патриоттық әнін жарыққа шығарды. Әннің авторы – Қанат Айтбаев, музыкасын жазған – Ерболат Құдайберген.

Рок пен халық жанрларын біріктіретін композиция Dears-тің оң бағасына ие болды. Ән мәтінінде өз Отанына және оның халқына деген сүйіспеншілік пен адалдық, сондай-ақ бүгінгі ұрпақтың ұлы ата-бабадан қалған мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізуге дайын екендігі айтылған.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің «DiMENSIONS» атты әлемдік туры

Димаш Құдайбергеннің жаңа «DiMENSIONS» жобасы – уақыт пен кеңістікті шарлау идеясына негізделген туынды емес, бұл – әртістің болмысын оны...

Аргентиналық оқушылар Қазақстанды Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы арқылы танып-білді

Аргентинаның Эсейса қаласында жүзеге асырылған ерекше білім беру жобасы аясында мектеп оқушылары Қазақстанның мәдениетімен танысып, өз елінің тарихын зерделеп,...

«Aqerke»: Димаш Құдайберген халықтық классиканың заманауи үлгісін ұсынды

2026 жылы 31 шілдеде Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің YouTube арнасында қазақтың халық әні «Aqerke» шығармасының заманауи нұсқасын...

Италиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Ақтөбедегі балалар үйлеріне арнап қайырымдылық қорын өткізді

Италиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Ақтөбе қаласындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Игі бастама үшін жиналған...

Kiryu FM Димаш шығармашылығына арналған кезекті арнайы эфирін ұсынады

30 шілде күні Жапониядағы Kiryu FM радиостанциясы Қазақстан мен Қырғызстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған Music Forever бағдарламасының...