ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Dimash Manga жобасының сайтында "Дайдидау" әуенінің рингтондары қолжетімді

Dimash Manga жобасының сайтында «Дайдидау» әуенінің рингтондары қолжетімді

Dimash World Dimash Manga жобасының сайтында "Дайдидау" әуенінің рингтондары қолжетімді

Dimash Manga жобасының сайтында «Дайдидау» әуенінің рингтондары қолжетімді

«Дайдидау» – Димаш шығармашылығының бүкіл әлемдегі жанкүйерлері жоғары бағалайтын ең танымал композицияларының бірі. Қазақ халық әнінің желісімен Мәскеуден келген музыканттар Манга D’R’S жобасына арнап тректер жазды.

Элина Фирсова – Мәскеу мемлекеттік консерваториясында классикалық білім алған әйгілі скрипкашы. Соңғы жылдары ол Мәскеудің ең жақсы музыканттарымен классикадан бастап джаз, фанк және заманауи поп-музыкаға дейін әр түрлі бағытта жұмыс істейді. Сонымен қатар, Элина ересектер мен балаларға музыка үйретумен айналысады.

Dimash Manga жобасын жасаушы Андрей Бурмакин Элинаның өнерін алғаш рет бір шарада естіді. Оның ойынынан үлкен әсер алып, ол орындаушыдан бірнеше фортепиано сабақтарын алды.

Dimash Manga жобасы басталған кезде Андрей Элинаға – «Дайдидау» әнінің аранжировкасын жасау туралы ұсыныспен байланысқа шықты, оған скрипкашы қуана келісті.

Элинаға рингтондарды құруға оның әріптесі Владимир Кушкин көмектесті. Ол Қарағандылық музыкант және аранжировщик және сол жердегі Тәттімбет атындағы өнер колледжін бітірген. Бірнеше жылдан кейін Мәскеуге көшіп келіп, Владимир белсенді түрде шығармашылықпен айналысады.

Элина да, Владимир де музыканың әртүрлі бағыттарына, соның ішінде этникалық бағытқа қызығушылық танытады, сондықтан Андрей Бурмакин жобаға қатысуды ұсынған кезде өте қуанады. Нәтижесінде олар «Дайдидау» әнінің бірнеше аранжировкаларын жазды. Бұл әуендер Димаш манганың ресми рингтондарының негізіне айналды.

Бұл тақырыптар жоба аккаунттары бақылаушыларының естерінде болуы сөзсіз – олар жоба бейнелерін жобалау кезінде жиі қолданылған.

Сіз композицияларды DimashManga.com. сайтындағы «рингтондар» бөлімінен таба аласыз оларды сайтта тыңдауға, тегін жүктеуге, телефонға қоңырау үні ретінде орнатуға, сонымен қатар бейнелеріңізде пайдалануға болады.

Жобаның ресми беттеріндегі (InstagramFacebookTwitterВконтактеОдноклассникиTelegramYouTubeWeibo) бейнежазбалардан «Дайдидау» рингтондарын қайдан табуға және қалай жүктеуге болатындығы туралы толық ақпаратты қарай аласыз.

Манга D’R’S жаңалықтарын әлеуметтік желілерде қадағалап жүріңіз, себебі жақын арада жоба жаңа ұтыс ойынының өткізілетіні туралы жариялайды.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген VIII Этноспорт мәдениеті фестивалінде өнер көрсетті

23 мамыр күні Ыстамбұл қаласындағы Ататүрік халықаралық әуежайы аумағында орналасқан Türk Telekom бас сахнасының маңына көрермендер концерт басталмай тұрып-ақ...

Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы жанкүйерлері өнер иесінің туған күніне орай бірқатар қайырымдылық акцияларын өткізді

Қытайлық Dears жанкүйерлер тобы Димаш Құдайбергеннің алдағы туған күніне орай оның гуманитарлық қызметін қолдау мақсатында Халықаралық көші-қон ұйымы қорына...

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Алматы қаласындағы Балаларға паллиативтік көмек көрсету орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Димаштың туған күні қарсаңында жанкүйерлері дәстүрлі түрде түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. “Phoenix Twitter Dears” халықаралық фан-клубы Алматыдағы онкологиялық ауруға...

Димаш Құдайберген Кокс-Базардағы қоныс аударушылар лагерінен гуманитарлық үндеу жасады

Бангладешке гуманитарлық миссия аясындағы іссапары барысында БҰҰ-ның көші-қон мәселелері жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының...

БҰҰ-ның көші-қон мәселелері жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген босқындар лагерлеріндегі гуманитарлық операциялармен танысты

Димаш Құдайбергеннің Бангладешке жасаған гуманитарлық сапары туралы ақпаратпен бөлісуді жалғастырамыз. Бұл сапар барысында өнер иесі гуманитарлық бағдарламалардың жүзеге асырылу...