ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Фарида Жолдасова: «Мен жайлы»

Фарида Жолдасова: «Мен жайлы»

Басты жаңалық Фарида Жолдасова: «Мен жайлы»

Фарида Жолдасова: «Мен жайлы»

– Қайырлы күн, Фарида! Редакциямызға қош келдің!

– Қош көрдік! Сіздерге екінші рет қонақ болып отырмын, өте қуаныштымын.

– Иә, 2 жыл бұрын жеке кешіңнің қарсаңында сұқбаттасқан едік. Алайда ол концерт кейінге шегерілді иә?

– Дәл солай,  2020 жылдың сәуіріне жоспарланған концертім дәл сол кезде бүкіл әлемді әбігерге салған пандемияға байланысты кейінгі шегерілген болатын. Екі жылдай уақыт бәріміз де басты байлық денсаулығымыз үшін уайымға салынып, біраз абдырап қалдық қой. Енді міне, шүкір ол кезеңнен де көп болып бірге өтіп, баяғы емін-еркін қалпымызға қайта оралдық. Жамандықтың бәрі артта қалып, ендігі елімізде, жалпы жер бетінде тек жаймашуақ тамаша күндер болын деп, сол концертті осы мамыражай мамыр айында өткізгелі отырмыз. 

– Концертің өтетінін көріп, біз де қуанып қалдық. Дәл сол екі жыл бұрынғы жоспарланғандай ауқымды кеш болады ғой? 

– Иә, бұл менің шығармашылығымдағы бойжеткен Фариданың алғашқы кеші болмақ. Бұған дейін естеріңізде болар 2006-2007 жылдары бала Фариданың «Бала тілегі» деген концерті елордамызда және Алматы қаласында өткен болатын.

Бірақ ол кезде мен бала болғандықтан өзімнің сондай үлкен кеш бергенімді және оның жоғары деңгейде өткенін аса түсінбеген екенмін. Балалықпен оны қалыпты дүние секілді қабылдағанмын ғой. Тек қазір түсініп, сезініп жатырмын сол кезде қандай үлкен іс тындырып, елімізде бірінші болып балалар арасында дәл сондай ауқымды концерт өткізгенімді.

Ең бастысы мені кішкентай демей сол кезде келген көрерменге шексіз ризамын. Себебі екі кешім де аншлагпен өткен болатын. Енді бұл екінші концертім сол кештің жалғасы іспетті болады және сол бала Фариданың кешінен бойжеткен Фариданың кеші кем өтпеуі керек деп ойлаймын. 

– Бала кездегі концерттің жалғасы деп қалдың, яғни бала кезбен бүгінгі кездің арасы қамтылады ма?

– Солай деуге де болады. Ол екі аралық менің жүріп келе жатқан жолым, шырқалып жатқан әндерім және есейіп келе жатқан өзім ғой. Сол сәттің бәрі қамтылатын болады. Тыңдарманның көңілінен шыққан әндерім орындалады. Бала кездегі әндерім де жаңаша бояуда, жаңа орындауда қайта ұсынылатын болады.

– Яғни кеш қонақтары сенің әндеріңді шырқайды? 

– Жоқ, тек бала кездегі әндерім жаңа орындаушыларын тапты. Ал өнердегі үнемі мені қолдап жүретін ағаларыммен әдемі дуэттер болады. Сонымен қатар менің авторлық әндерімді эстрадамыздағы ерекше дауыс иелері, менің қарап бой түзейтін әпкелерім Алтынай Жорабаева мен Тамара Асар орындайды. Бұл мен үшін үлкен құрмет.

Менің әндерімнің осындай жұлдыздардың орындауы мені тек шабыттандырады. Ал Музарттық ағаларым мені кішкентайымнан қолдап жүретін жанашырларым. Ол кісілер де кешімнің құрметті қонағы болады. Астаналық Қайрат Баекенов ағамызбен де әдемі бір ән жаздық.

Ал  Төреғали Төреәлі, Заман тобы, Иса Әлимұсамен орындаған әндерімді тыңдарман өте жақсы қабылдаған болатын. Сондықтан кеште ағаларыммен, замандастарыммен де бірігіп өнер көрсететін боламыз. Жалпы бұл кешке барымызды салып дайындалып жатырмыз. Сондықтан жүз рет естігенше бір рет келіп көріңіздер.

– Өнерге жақында ғана келген әнші емессің, жас болсаң да 20 жылдық тәжірибең бар. Бала кезден қалыптасқан көрермендерің де жеткілікті шығар? 

– Дұрыс айтасыз, менің өзіммен бірге өсіп келе жатқан замандас тыңдармандарым көп. Кезінде бәріміз бірге «қуыршақты» құшақтап ән салғанбыз, қазір «неге солай?» деп шырқап бірге есейдік. Сонымен қатар менің сол 13 жастағы кешіме арнайы өзге қалалардан келген тыңдармандар болған, сол кісілер осы кешіме де келеміз деп мені қуантып тастады. Бұл әншінің бағы ғой. Жылдар бойы тыңдарманын жоғалтпай, өз бағытынан таймай, осындай ықыласқа ие болу өнер адамы үшін зор бақыт!

Көрерменді концертте тағы қандай тосынсыйлар күтеді? 

– Жалпы бұл кеш екі жылдай үйде отырып шаршаған, рухани демалысты аңсаған ән сүйер қауымға арналған кеш болады. Ерекше шоу жасап көрерменді шок қыламын демеймін, әдемі әндерімізбен әлдилеп, ерекше күйге бөлейтін боламыз бұйыртса. Сонымен қатар көрерменнің езуіне күлкі ұялатып, көңілін көтерсін деп «Назар аудар» театрының актерлері Ақболат Өтебай мен Ғазиз Ерболатқа кеш тізгінін бердік. Сондықтан келген көрерменнің көңілінен шығатын кеш болады деп сенемін.  

– Тамаша, ендеше көп күткен кешіңнің сәтті өтуіне тілектеспіз. Ал оқырмандарымызға керемет концерттен қалып қоймаңыздар дейміз. 

 

Концертке билеттерді келесі сілтеме бойынша сатып алуға болады: https://ticketon.kz/event/men-zhayly

Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте Димаштың Түркияда өтетін мерейтойлық концертіне арналған бейнеролик көрсетілді

Димаш Құдайбергенмен түскен жарнамалық роликтер Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең үлкен және масштабты LED-экрандардың бірінде бірінші рет көрсетіліп тұрған жоқ. Бұған...

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

2024 жылдың 12 және 13 сәуірінде Димаштың жапондық жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Токиодағы теннис матчында кездесті. “Билли...

Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиет әлеміндегі қалыптасып қалған қағидалардан шығып, туындылары арқылы оқырман сезімі мен дүниетанымына әсер еткен шығармалар болған және бола да...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Польшадағы радиостанциялар хит-парадында көш бастады

13 сәуірде Димаштың «When I’ve Got You» композициясы поляк радиосының TIP TOP – Radio Nowy Świat Hit Charts бағдарламасының...

Фан-клуб тауарларын жасау және сату бойынша ұсыныстар

Димаш Dears-тың ерекше қолдауларына алғыс білдіре отырып, Dears фан-клубтары мен топтарын жарнамалайтын футболка және басқа да тауарлар жасап шығару...