ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Пласидо Доминго мен Димаш Құдайбергеннің дуэті Будапешттегі «Virtuosos v4+»...

Пласидо Доминго мен Димаш Құдайбергеннің дуэті Будапешттегі «Virtuosos v4+» жобасының сахнасынан шырқалды

Dimash World Пласидо Доминго мен Димаш Құдайбергеннің дуэті Будапешттегі «Virtuosos v4+» жобасының сахнасынан шырқалды

Пласидо Доминго мен Димаш Құдайбергеннің дуэті Будапешттегі «Virtuosos v4+» жобасының сахнасынан шырқалды

2024 жылдың 19 қаңтарында «Virtuosos V4+» шоуының ресми You-Tube арнасында 2023 жылғы байқау финалының бірінші бөлімі шықты. Финалдың бірінші бөлігінде Димаш 20 ғасырдың ең ұлы даусы маэстро Пласидо Домингомен дуэт орындады. Музыканттар Жорж Бизенің «Інжу-маржан жинаушылар» операсынан Надир мен Зурганың «Au Fond du Temple Saint» дуэтін орындады.

Virtuosos V4+ – өзгеше форматты классикалық музыка алаңындағы таланттар шоуы. Ол жас әртістердің талантын ашуға және жас музыканттардың дамуына мүмкіндіктер беретін ерекше шоу. Сонымен қатар осы шоу арқылы классикалық музыканы көптеген әлеуметтік топтар мен бағытта таратуды көздейді.

Байқау Венгрияның жетекші музыкалық жоғары оқу орны – Будапешттегі Франц Лист атындағы музыка академиясында өтеді.

Жобаның 2023 жылғы маусымға арналған шығарылымы 29 желтоқсаннан бастап Duna-да жұма күні кешке көрсетіле бастады. Классикалық музыка таланттары шоуының екі бөлімнен тұратын финалы 19 және 26 қаңтарда көрсетіледі. Мұнда он бір жас виртуоз классикалық музыка бойынша деңгейлерін көрсетеді.

Халықаралық қазылар алқасының төрағасы биыл тағы да маэстро Пласидо Доминго, ал қазылар алқасының мүшелері — Эрика Миклос және Андраш Келлер.

Жаңа маусымда халықаралық қазылар алқасының құрамына қазақстандық әнші Димаш Құдайберген кірді. Сонымен қатар, әнші кіші Пласидо Доминго, гитарист Пабло Сайнц Вильегас, Чески Крумлов атындағы халықаралық музыка фестивалінің көркемдік жетекшісі Габриэла Рачиди, продюсер Харви Голдсмит және танымал виолончельист Степан Хаузер бар.

Соңғы жаңалықтар

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...

DIMENSIONS жаңа турының басталуына бір күн қалды: Димаш Құдайберген жаңа шоуын ұсынуға дайын

18 қазанда Димаш Құдайберген DIMENSIONS атты жаңа концерттік турын бастайды. Халықаралық команданың бірнеше айға созылған дайындығы, эксклюзивті шоу мен...

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...