ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Прагада Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған кеш өтті

Прагада Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған кеш өтті

Dears Прагада Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған кеш өтті

Прагада Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған кеш өтті

7 тамыз күні Чехияның бас қаласында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Достық кемесі» атты кездесу болды.

Dears Чех фан-клуб Қазақстан тәуелсіздігіКездесу Қазақстан Елшілігінің және Қазақстанның Чехиядағы достары клубының қолдауымен ұйымдастырылды. Прагаға Чех Республикасының әр аймағы мен Словакия мен Германиядан қонақтар келді. Басым бөлігі Димаш Құдайбергеннің түрлі фан-клубтарынан келген.

Шараға белсенді қатысушыларға түрлі тосын сый мен сыйлықтар әзірленген. Қазақстан тарихы, географиясы, тілі мен дәстүріне қатысты викторина болып, қазақ музыкасының түрлі аспектілерін ұсынған бағдарлама да ұйымдастырылыпты.

Чехияда білім алып жүрген қазақстандық студенттерінің өнері қонақтарды қайран қалдырды. Қазақтың ұлттық биі мен домбыра үніне елімегендер жоқ. Қос ішектің үні жүректен кіріп, бойды алды.

Кездесу кеші Димаштың уындыларымен сүйемелденді.

«Чехиядан келген Dear-лар арқасында біз Қазақстанға деген шынайы құрмет пен сүйіспеншілікті көріп отырмыз. Жанкүйерлердің Димаш туралы қандай тебіреніспен айтқанын сөзбен жеткізу мүмкін емес! Біз Dear – ларға осы іс-шара үшін, біздің еліміз туралы жағымды пікір мен ықыласты көруге мүмкіндік жасағанына алғыс айтамыз», — деді Чехиядағы жоғары оқу орнын бітірген қазақстандық Меруерт.

Димаштың Чех фан-клубының мүшесі Ива, Қазақстанға деген ерекше сезімін былай жеткізді:

«Маған Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүргені ұнайды, олар сондай қызықты адамдар. Сонымен бірге мені Қазақстанның ұлттық дәстүрлері қатты таңғалдырады, қызықырады».

Ива Dears Чех фан-клуб

Жаңа танысық, жағымды қарым-қатынас, әдемі қазақ музыкасы және барша қонақтартың көтеріңкі көңіл-күйі шын мәнінде керемет мерекеге әр қоса түсті. Кездесуге қатысушылар еліміздің сұлулығы мен мәдениетінің байлығын өз көздерімен көру үшін Қазақстанға келуге ниет білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...