ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Қазақ Бүркіті Қытайлық телеарнада - Димаш Dragon TV жобасына...

Қазақ Бүркіті Қытайлық телеарнада – Димаш Dragon TV жобасына қатысты

Dimash World Қазақ Бүркіті Қытайлық телеарнада - Димаш Dragon TV жобасына қатысты

Қазақ Бүркіті Қытайлық телеарнада – Димаш Dragon TV жобасына қатысты

18 тамызда Қытайдың Dragon TV арнасында “我们的歌 Our Song” / “Біздің ән” ауқымды эстрадалық шоуының кезекті бөлімі көрсетілді. Бағдарлама әртүрлі жас пен стильдегі өнерпаздармен серіктестік құру үшін Қытайдан және басқа елдерден музыканттардың бірнеше буынын шақырады.

Бұл жоба арқылы әртүрлі музыкалық мәдениеттер бірігіп, әдеттегі конкурстық жүйелер де жаңғырып, әр алуан аймақтардан мен ұлттардан және стильдерден құралған 30-дан астам әншілер өз дәуірінің алтын әндерін орындайды. Сондай-ақ, фьюжн-хиттердің бірігуі арқылы дәстүрлі музыкалық жобалардың шекарасы жойылады.

Жаңа бөлімде бағдарлама қонағы «Eagle Boy» кодтық есімді орындаушы болды. Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері өздерінің сүйікті әншісін еш ойланбастан бірден тапты. Өйткені қыран (бүркіт) бейнесі Қазақстан Республикасының негізгі геральдикалық атрибуттарының бірі болып табылады. Бүркіт – еркіндік пен адалдықты, батылдық пен абыройды, күш-қайрат пен ой тазалығын, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа ұмтылысты бейнелейді.

Бұл кеште Димаш лирикалық ән мен би жанрындағы үлкен музыкалық формаларды орындап, қытайлық көрермендерді өнерімен баурап алды. Әнші Джордан Аракелянның сөзіне жазылған «Give me your love» туындысын вокалдық шеберлік пен динамикалық хореографияны үйлестіре отырып, өзінің түпнұсқа композициясын орындады. Ән алғаш рет 2019 жылы Мәскеуде Димаштың жеке концертінде орындалып, содан бері Майкл Джексонға трибьют ретінде бұл шығарма әншінің әрбір жеке шоуында шырқалып жүр.

Димаштың «我们的歌 Our Song» / «Біздің ән» жобасына қатысуы келесі шығарылымда жалғасын табады. Бізбен бірге болыңыздар.

Соңғы жаңалықтар

Мадридте Димаштың жанкүйерлері Абайдың 180 жылдығына орай қайырымдылыққа 1200 еуро аударды

Мадридте Астана күніне және қазақтың ұлы ақыны Абайдың 180 жылдығына орай Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі ұйымдастырған шара өтті. Мерекелік шараларға...

Димаштың ым-ишара тіліндегі әндері: Қарағандыдағы Димаштың фан-клубы ым-ишарамен ән орындайтын жас әртіспен кездесу өткізді

Димаштың туған күніне орай "ДимашКарагандаРегион" фан-клубы ым-ишара тілінің талантты орындаушысы Ернұр Саменмен кездесу ұйымдастырды. Dears Ернұрмен 2024 жылдың қарашасында мүмкіндігі...

Вьетнамдағы «Жұлдыздармен түн» – Пласидо Доминго, Кристин Ополайс және Димаш Құдайберген Ханой опера театрында эксклюзивті концерт берді

6 шілдеде Вьетнам астанасында Испания, Латвия және Қазақстанның үш вокалдық өнер шеберінің ерекше концерті өтті. Ho Guom операның екінші...

Димаш Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшілігінде болды

Вьетнамға шығармашылық сапары аясында Димаш Құдайберген ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтармен бірге Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде болды. Құрметті...

Димаш Ханойға “Хо Гом” театрының концерттік бағдарламасына қатысу келді

2025 жылдың 4 шілдесінде Димаш Құдайберген Вьетнам мемлекетінің астанасы Ханой қаласы келді. Ной Бай әуежайында қазақстандық өнерпазды жергілікті фан-клубтың...