ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Қазақтың жаны, Перу жүрегі: Лимада Димаштың туған күніне орай...

Қазақтың жаны, Перу жүрегі: Лимада Димаштың туған күніне орай мәдени іс-шара өтті

Dears Қазақтың жаны, Перу жүрегі: Лимада Димаштың туған күніне орай мәдени іс-шара өтті

Қазақтың жаны, Перу жүрегі: Лимада Димаштың туған күніне орай мәдени іс-шара өтті

25 мамырда Перудің Лима қаласында Димаш Құдайбергеннің 30 жылдығына арналған керемет мәдени іс-шара өтті. Кездесу Перу мен Қазақстан арасындағы достық пен өзара түсіністік символына айналып, Димаштың перулық жанкүйерлері мен қазақ диаспорасы өкілдерінің басын қосты.

Шараны инженер Фредди Саравиа Пойкон басқаратын Қазақстанның Перудағы Құрметті консулдығы мен Линс муниципалитеті ұйымдастырды. Шарада екі елдің музыканттары, бишілері мен ақындары өнер көрсетіп, қазақтың ұлттық киімдері таныстырылып, қазақ мәдениеті туралы бейнероликтер де көрсетілді.

Зал қазақ даласының стилінде безендіріліп, көптеген экрандарда Қазақстанның бай мәдени мұрасы туралы бейнелер мен бейроликтер көрсетілді. Келушілерге қазақ мәдениетімен тереңірек танысу үшін ақпараттық брошюралар таратылды.

Перу өнерпаздары қазақ және перу музыкалық композициялары мен билерін шебер орындап, қонақтарға ерекше әсер сыйлады.

«Бұл іс-шара Димаштың туған күнін тойлау ғана емес, сонымен қатар оның халықтар арасындағы бейбітшілік, бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан үлесін мойындау болды. Димаштың жалпыадамзаттық құндылықтарға толы музыкасы перулықтардың жүрегінде орын теуіп, бүкіл әлемдегі адамдарды біріктіруді жалғастыруда», — деп бөлісті перулық Dears.

Ұйымдастырушылар осы іс-шараны өткізуге көмектескендердің барлығына алғыстарын білдіріп, Перу мен Қазақстан арасындағы мәдени араластықтың жалғасын табатынына сенім білдірді. Олардың айтуынша, бұл іс-шара қазақ мәдениетінің Перуде таралуына, халықтарды өнер мен музыка арқылы біріктіруге жасалған маңызды қадам болыпты.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің...