ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Рига туралы аңыз

Рига туралы аңыз

Басты жаңалық Рига туралы аңыз

Рига туралы аңыз

DimashNews-тың редакциясының тілшісі Димаш Құдайбергеннің ARNAU әлемдік гастролі аясында концерті өтетін қалалардың бірі Рига жайында тың деректерді жинады. Оның сұлулығы тар көшелеріндегі ежелгі аңыздар мен ортағасырлық дәстүрлерді жарқырататын жәдігерлерінде. Қабырғалы көпірлері мен Даугава мөлдір суының көрінісінде. Керемет архитектуралық құрылымдарында және жайлы кафелерінде. Мұның бәрі Риганың кереметтігін паш етеді, оған бір рет барған жанның қайтадан сапарлағысы келетіні сөзсіз.

Рига Балтық інжу-маржандарының тарихы сегіз ғасырдан астам уақытты құрайды. Әр ғасырды жаңа дәуір десек, Латвия астанасы олардың әрқайсысын өз көшелерінде барынша айшықтаған. Сондықтан, қала аллеясын аралап жүріп, онда өз уақытында сапар шегіп тұрғандай сезінесіз.

Рига шаһарының іргетасы 1201 жылы, Бремен қаласындағы дін қызметкері шағын шіркеуді салған кезде қаланған деп саналады. Бұл қала сауда орталығы мәртебесін алған, себебі сауда жолдарының дәл қиылысында салынған.

800 жылдан астам уақыт ішінде Рига тарихы көптеген аңыздармен, әфсаналармен, дәстүрлі оқиғалармен толықты. Олардың ішіндегі ең танымалы қаланың құрылысына тікелей қатысты. Бұл туралы ресми деректер сақталса да, Ригада туған кішкентай балалар бұрын-соңды Даугава өзенінде тасымалдаушы болып жұмыс істеген қариялардың әңгімелерін шын ықыласпен және бар зейіндерімен тыңдайды.

…Оның есімі Үлкен Кристап болатын. Бір күні түнде ол кенеттен біреудің көмекке шақырғанын естиді. Ол суға батып бара жатқан кішкентай баланың жанұшыра айқайлаған даусы болатын. Ер адам көп ойланбастан бірден баланы құтқаруға асығады. Үлкен Кристап өте ұзын бойлы еді, сондықтан ол өзенді оңай кешіп, баланы иығына отырғызып, судан алып шығады. Десе де, ол баланы көтерген кезде кенеттен қатты шаршап кетті. Содан соң өзеннен шыққан бойда оны қауіпсіз жерге жатқызып, өзінің де көзі ілініп кетіпті. Ол таңертең оянғанда, түнде құтқарған баланың орнына үлкен қап толы алтын жатыр екен. Аңызға сай, Рига осы алтынмен салынған көрінеді.

Кейін бұл үлкен Кристапқа ескерткіш те орнатылды — иығында кішкентай баласы бар үлкен адамның ағаштан жасалған мүсіні. Қазір Даугава жағасына мүсіннің көшірмесі қойылған, ал түпнұсқа Рига мен сол жердің тарихы мұражайында сақталған.

Бүгінгі таңда Рига — кез-келген турист өзіне ұнайтын нәрсені таба алатын тамаша орын. Латвия астанасындағы концертке дейін көпшілік Риганың бай тарихи жолын бейнелейтін ескі шаһарға қысқаша экскурсия жасай алады. Мұнда Даугава жағасында орналасқан әйгілі Рига сарайы, қара мысықтары бар әсерлі үй, Күмбез алаңы, Бостандық монументі және т.б. нысандар бар. Сонымен қатар, егер сіз тарихи қаланың барлық сұлулығын көргіңіз келсе, бүкіл Латвия астанасының керемет панорамалық көрінісін ұсынатын Әулие Петр шіркеуінің мұнарасына көтеріле аласыз.

Сондай-ақ, Ұлы Кристап ескерткішінен басқа, Ригада тағы бір қызықты сәулет құрылысы — Бремен Таун музыканттарына арналған ескерткіш тұр. Ол жаңағы Петр шіркеуінің жанында орналасқан, онда ағайынды Гримм ертегісіндегі барлық танымал кейіпкерлер бейнеленген. Айтпақшы, егер сіз наным-сенімге сенетін болсаңыз, шын жүрегіңізбен тілек білдіріп, төрт аяқты музыканттардың мұрнын сүртіңіз. Тілегіңіз сөзсіз орындалады.

Концерттен кейін Димаштың жанкүйерлері өздерінің эмоциялары мен әсерлерін тыныш жағдайда, бір шыны кофе немесе дәмді кешкі аспен талқылағысы келетін шығар. Бұл жағдайда да алаңдамаңыз: Арена-Рианың жанында, орындаушының концерті өтетін жерде көптеген кафелер, мейрамханалар мен кофеханалар орналасқан.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Қарағандыда Кеншілер күніне арналған мерекелік концерттің хедлайнері болды

29 тамызда Қарағанды қаласының Жаңа алаңында Кеншілер күніне арналған ауқымды мерекелік концерт өтті. Аталмыш шарада мыңдаған қала тұрғындары мен...

Димаш Шахтерлер күніне арналған мерекелік концертке қатысу үшін Қарағанды қаласына келді

28 тамызда Димаш пен оның командасы ауқымды жобаға қатысу үшін Қарағандыға келді. Бүгінде репетициялар қызу жүріп жатыр. Ал ертең Димаш...

Димаштың шығармашылығын қолдауға арналған Мексикалық Dears тобының акциясы жергілікті БАҚ назарын аударды

Мексикадағы Димаштың жанкүйерлері креативті акциясы арқылы тағы да жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Lucha Libre-ге арналған арнайы іс-шара...

Польшадағы Dears Нан мерекесінде Қазақстан мен Димаштың шығармашылығын таныстырды

23 тамызда Польшадағы Токарняда орналасқан Келецкая ауыл мұражайында Нан мерекесі өтті. Іс-шара аясында Димаш Құдайбергеннің поляк фан-клубының мүшелері ақпараттық...

Димаш өзінің шынайы «меніне» оралу арқылы DIMENSIONS тұжырымдамасын қорытындылайды

Эпилог | Бастау. Кеңістік. Ғаламның шетсіз-шексіз кеңістігі аясында бәсең қанықтықтағы жұмсақ қана жарық Димаштың кескін бейнесінің айқын әрі нәзік сызықтарын...