ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Рухия Байдүкенова "Славян базары-2021" жеңісі туралы: "Мен үшін бұл...

Рухия Байдүкенова «Славян базары-2021» жеңісі туралы: «Мен үшін бұл үлкен мансаптың бастауы»

Әлем Рухия Байдүкенова "Славян базары-2021" жеңісі туралы: "Мен үшін бұл үлкен мансаптың бастауы"

Рухия Байдүкенова «Славян базары-2021» жеңісі туралы: «Мен үшін бұл үлкен мансаптың бастауы»

18 шілде күні Рухия Байдүкенова «Славян базары» өнер фестивалі аясында өткен «Витебск-2021» вокалдық байқауының Гран-при иегері атанды. Орындаушы жеңістен алған әсерімен бөлісе отырып, болашақтағы жоспарлары туралы айтты.

Қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта ол 22 жаста, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің 3 курс студенті. DimashNews тілшілері фестиваль сахнасының сыртында әртіспен тілдесіп, әсерлі жеңісімен құттықтады.

– Рухия, осындай ауқымды байқауға алғаш рет қатысып, бірден Гран-при иегері атану қандай сезім?

– Бұл керемет нәрсе, әлі сене алмаймын! Мен үшін «Славян базары» – үлкен шығармашылық мансаптың бастауы. Бала кезімнен мен жоғары мақсаттарға ұмтылдым және оларға жету үшін үнемі жұмыс жасадым. Шынымды айтсам, бірінші турда мен қатты уайымдадым, бірақ екінші турда мен сабырлы болдым, өйткені бірден жақсылыққа қарай бейімделдім.

– Бірінші турда аты аңызға айналған Мэрайя Кэридің «Emotions» хитін орындадыңыз, ал екінші турда – Злата Огневичтің керемет орындауындағы «Зозуля» украиналық әнін ұсындыңыз. Неліктен оларды таңдадыңыз?

– «Emotions» және» Зозуля » – менің сүйікті шығармаларымның бірі. Сонымен қатар, олар табиғаты жағынан да, техникалық жағынан да күрделі. Осындай ауқымды байқауда вокалдық шеберлігімді толық көрсеткім келді, сондықтан мен жүрегіме жақын виртуозды әндерді таңдадым.

-Қазірдің өзінде сізге дейін бірнеше қазақстандық: Димаш Құдайберген мен Әділхан Макин байқауда Гран-при жеңіп алды. Сіздің ойыңызша, жеңіске жетуге не көмектеседі? Жеңістің құпиясы бар ма?

– Жеңіске жету Қазақстандықтардың қанында бар деп ойлаймын. Тіпті «Славян базары» кезінде де қатысушылар қазақтар жеңілгенді ұнатпайтыны туралы айтқан болатын, мен бұған толық келісемін. Бірақ басты құпия, әрине, еңбекте және жоғары мақсаттарға ұмтылуда, бұл әрқашан алға итермелейді және қалаған жеңіске әкеледі.

Байқауда ең көп есте қалған қызықты сәттер болды ма?

– Иә, қатысушылардың жеребесі кезінде осындай бір сәт болды. Онда екі кезең болды: жеребе салудың бірінші кезеңі, яғни конкурста өнер көрсету үшін жеребені нешінші болып таңдайтының анықталады. Және де екінші кезең, конкурстық сахнаға қандай нөмірмен шығатыныңды анықтайтын финалдық кезең.

Бірінші кезеңде мен «2» санын алдым, оны көре салысымен – жеребе екі кезеңнен тұратынын бірден ұмытып кеттім. Бірден менде стресс пен дүрбелең басталды – алғашқылардың бірі болу өте қорқынышты болды.

Сол кезде Карла тәте (продюсер Қарлығаш Әбдікәрімова, «Славян базары» фестивалінде Қазақстанның ресми өкілі – ред.) маған келіп: «Уайымдамаңыз, сіз әлі де жетекші орындарды иемденесіз, қандай нөмірде шыққаныңыз маңызды емес», – деп тыныштандырғаны әлі есімде.

Мен тынышталған кезде, жеребенің екінші кезеңі туралы хабарланды, ол кезде маған «8» саны түсті. Білесіз бе, сол кезде бұл әлемнің барлық жүгі бір секундта иығымнан түскендей болды.

Екінші қызықты сәт бірінші конкурстық тур кезінде болды. Мен сахнаға биік өкшемен шығуым керек еді, бірақ толқудың салдарынан ыңғайлы болу үшін мен одан бас тарттым. Мен сахнаға шықпас бұрын нөсер болды, бірақ мен сахнаға жалаң аяқ шыққан кезде жаңбыр басылып, аспан ашыла бастады.

– Болашақта немен айналысуды жоспарлап отырсыз?

– Мен шығармашылықпен айналысуды әрі қарай жалғастырып, түрлі халықаралық жобаларға қатысамын. Сондай-ақ болашақта мен мұқтаж адамдарға көмектескім келеді. Адамның, музыканттың немесе инженердің кім екендігі маңызды емес, бастысы ол ел мен халық үшін пайдасын тигізу керек деп ойлаймын.

– Осы конкурстағы жетістігіңіз үшін алғыс айтатын адамдарыңыз бар ма?

– Иә, әрине! Біріншіден, мен ата-анама шын жүректен алғыс айтқым келеді. Олар мен үшін ең жақсы үлгі. Олар маған әрқашан тәуелсіз болуға және тек биіктерге жетуге үйретті, бұл маған әлі де көп көмектеседі.

Біздің «Карла тәте» Қарлығаш Әбдікәрімоваға жыл сайын «Славян базарына» қатысушыларды мұқият таңдағаны үшін алғыс айтамын. Ол бұл жобаға Қазақстан тарапынан жетекшілік етіп қана қоймай, сонымен қатар таланттарды ашатын және қолдайтын басқа да көптеген қызықты байқаулармен айналысады. «Витебск» ұлттық іріктеуіне мен 3 рет қатыстым, Карла тәте маған әрқашан байқаудың Гран-при иегері боласың деп айтатын. Көріп отырғаныңыздай, оның болжамдары орындалды.

Талдықорған қаласындағы өнер мектебінің оқытушысы Серікжамал Әжібековаға алғыс айтқым келеді. Мен одан колледжге түскенге дейін оқыдым және жеті жыл бойы күн сайын сабаққа асығып жүрдім.

9 сыныптан кейін Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы колледжге түстім. Ондағы мұғаліммен де жолым болды. Мен «эстрадалық ән» кафедрасының доценті Ирина Воловиковаға бардым. Ирина Николаевнамен 8 жыл бойы айналысып келемін, және біз онымен өте жылы және тығыз қарым-қатынастамыз.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға маған көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғысымды білдіремін. Конкурс алдында ол мені кездесуге шақырды және өзінің батасын берді.

Сондай-ақ, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаеваға қолдау көрсеткендеріңіз үшін үлкен рахмет.
Айман Қожабекқызы мені бала кезімнен шабыттандырды. Менің анам теледидардан симфониялық концерттерді жиі көретін, Айман Мұсақожаеваны жариялаған кезде мен жай ғана таңданатынмын: Қазақстандық әйелдерде әлемдік аренаға шыға алады екен деп. Сондықтан мен де соған ұмтыла бастадым.

Қазақ ұлттық өнер университетінің «эстрада өнері» кафедрасының меңгерушісі Бағдат Сәмединоваға алғысымды білдіремін. Музыкалық продюсер әрі тамаша адам Ерлан Бекчуринге менің конкурстық әндерімді өңдегені және моральдық қолдағаны үшін, аранжировкадағы ынтымақтастығы үшін Әділжан Толықпаевқа, бір күнде маған екі тамаша бейне жасаған стилист Анарбек Жардемовке рахмет.

Сонымен қатар, әлем әртісі Димаш Құдайбергенге үлкен рахмет. Ол менің жеңісіме маған қарағанда көбірек сенді және басынан бастап маған қолдау көрсетті, кеңесін берді.

Димаштың ата-анасына да үлкен рахмет. Оның отбасының қолдауы ерекше болды. Светлана Айтбаева бастапқыда мені қолдауға баратынын айтты, бұл мен үшін көп нәрсені білдірді.

Осындай мүмкіндік үшін «Славян базары» фестиваліне рахмет! Мен бірінші күннен бастап ғашық болған керемет Беларусь еліне рахмет! Байқау көрермендеріне рахмет! Барлық достарыма қолдау көрсеткені үшін рахмет! Осы керемет әлем үшін Алла Тағалаға рахмет!

Соңғы жаңалықтар

QSANDYQ: қазақ музыкасын, дәстүрлері мен бүгінгі жаңа буын ұрпақты байланыстыратын платформа

QSANDYQ - Қазақстанның мәдени дәстүрлерін бүгінгі цифрлық дәуірге көшіріп, заманауиландыратын бірегей жоба. Қосымшаны жасаушы өнертапқыш Бейбітжан Муслимов қазақ музыкасын...

Димаш франциялық БАҚ беттерінде

Француздық Planète Paix журналының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі соңғы санында Димаш Құдайберген туралы мақала жарық көрді. Planète Paix – дүниежүзіндегі...

Димаш Құдайберген Almaty Open ATP 250 рәсімінің ашылу салтанатына қатысады

2024 жылдың 13 қазаны мен 20 қазаны аралығында Алматыда Almaty Open ATP турнирі өтеді. Бұл әлемнің 30 елінде өтіп...

SMALL&SPAR бизнес, мәдениет және Димашпен бірлескен ынтымақтастық туралы

13 және 14-қыркүйекте Астанада Димаш Құдайбергеннің жеке концерттері дүркіреп өтті. Жобаның титулдық демеушісі SMALL&SPAR желісі болды. Бүгін DimashNews редакциясы...

Димаш Құдайберген Қытайда өткен күз ортасы фестивалінде өнер көрсетті

17 қыркүйекте Қытайдың ірі телеарналары CCTV Mid-Autumn Festival Party - Қытайдағы ең маңызды мерекелердің бірі - Күз ортасы фестиваліне...