ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Шекарасы жоқ музыка әлемі: Димаш Құдайбергеннің әндері Чилиде шырқалды

Шекарасы жоқ музыка әлемі: Димаш Құдайбергеннің әндері Чилиде шырқалды

Dears Шекарасы жоқ музыка әлемі: Димаш Құдайбергеннің әндері Чилиде шырқалды

Шекарасы жоқ музыка әлемі: Димаш Құдайбергеннің әндері Чилиде шырқалды

Чилидің Винья-дель-Мар қаласында халықаралық ән фестивалі қарсаңында Dears Dimash Chile Diffusion командасы ұйымдастырған ерекше көше акциясы өтті. Қазақстандық әртіс Димаш Құдайбергеннің әні қала көшелерінде Hemiola string quartet пен вокалист Пабло Ромероның орындауында шырқалды.

Чилидегі оркестрлерде ойнаған кәсіби музыканттардан құралған Hemiola string quartet Димаштың әйгілі Love of Tired Swans, Olimpico және S.O.S шығармаларын ішекті аспаптарда орындады. Винья-дель-Мар тұрғындары арнайы жанды дауыстағы орындауды тыңдау үшін тоқтап, видеоға түсіріп, өз эмоцияларымен бөлісті.

Іс-шарада Чилидегі атақты Mi Nombre Es (My Name Is) телешоуына қатысқаннан кейін танымал болған жас орындаушы Пабло Ромероның өнер көрсетуі ерекше сәттердің бірі болды. Шарада ол Daididau, Unforgettable Day және S.O.S композицияларын жанын салып орындап, жиналған көрерменді өнерімен тәнті етті.

Қойылым барысында Diffusion тобы қала тұрғынларына Димаш туралы ақпарат пен оның әлеуметтік желілеріне, YouTube арнасына мен Spotify-ға сілтемелері бар плакаттар таратып, оларды әншінің музыкасымен танысуға шақырды.

«Бұл біздің команданың бірінші рет ұйымдастырып отырған іс-шарасы», — деп бөлісті ұйымдастырушылар «Біз чилиліктерге Димаш және оның шығармашылығы туралы айтудан еш жалыққан емеспіз. Бұл ерекше күн болды — музыка расымен де, барлығымыздың басымызды қосты».

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...