ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Шетелдік БАҚ Димаштың Нью-Йорктегі концерті туралы жазуда

Шетелдік БАҚ Димаштың Нью-Йорктегі концерті туралы жазуда

Dimash World Шетелдік БАҚ Димаштың Нью-Йорктегі концерті туралы жазуда

Шетелдік БАҚ Димаштың Нью-Йорктегі концерті туралы жазуда

NYS Music – Нью-Йорк штатындағы тәуелсіз музыкалық және өнер журналистикасын қолдайтын коммерциялық емес ұйым. Басылым күн сайын музыкалық шолулар, жаңалықтар, сұхбаттар, бейнематериалдар, эксклюзивті премьералар және Нью-Йорк пен оның маңындағы мәдени оқиғалар туралы ақпараттар ұсынады.

«ДИМАШ MADISON SQUARE GARDEN ТАРИХЫНА ТРИУМФАЛДЫ “STRANGER” ТУРЫНДАҒЫ ТУЫНДЫЛАРЫМЕН ШЫҒАДЫ»

Мәдениет пен вокал шеберлігін дәріптеген кеш

Madison Square Garden сахнасындағы Димаштың дебюті тек оның тұлғалық болмысын дәріптеу ғана емес, сонымен қатар оның теңдессіз вокалдық шеберлігінің көрінісіне айналды. Кеш Қазақстанның Әнұранымен басталып, MSG тарихында алғаш рет шырқалған бұл сәт көрермендерді ерекше эмоциялық бірлікке бөлеп, тарихи оқиғаға айналды.

Алғашқы ноталардан-ақ «Golden» әні тыңдармандарын баурап алды. Музыканттар мен заманауи мультимедиялық эффекттердің сүйемелдеуімен Димаш классикалық, поп және кинематографиялық бағыттар арасында еркін ауысып, дауысын октавадан октаваға, бір тілден екінші тілге жеңіл өткізіп отырды.

Әрбір ән – Димаштың өз дауысын аспап әрі эмоция тіліне айналдыра білген махаббат, күрес және рух биіктігі туралы үлкен бір хикаяның тарауындай болды.

Концерт бойы домбыра, сыбызғы және қобыз қазақтың дәстүрлі аспаптары оркестрлік және заманауи аранжировкалармен үйлесіп, ұлттық және болашақтың үнін тоғыстырған ерекше музыкалық әлем тудырды.

Шексіз дауыс иесі

Үш сағатқа созылған концертте Димаш қазақ, орыс, ағылшын, итальян, қытай және испан тілдерінде ән орындап, тек вокалдық шеберлігін ғана емес, эмоцияның әмбебап тілін де көрсете білді.

«Бұл сахнада аңыздар өнер көрсеткен, – деді ол көрерменге қарата күлімсіреп. – Бүгін мен Нью-Йоркке Қазақстанның рухын алып келдім».

Зал толы көрермен ұзақ қошемет көрсетіп, көз жастарына ерік берді. Азия, Еуропа және Оңтүстік Америкадан келген жанкүйерлер үшін бұл – жылдар бойы күткен сәт еді.

Әлемдік музыканың тарихи белесі

Madison Square Garden-де өткен Димаштың концерті жай ғана шоу емес – бұл мәдени құбылыс болды. Оның классикалық нақтылықты, кинематографиялық өрнекті және шынайы көркем баяндауды біріктіре отырып, заманауи әлемдік тур ұғымын жаңа деңгейге көтерді.

«Stranger» туры Мехико, Барселона, Лондон, Берлин және Ригада жалғасып жатқан шақта, Димаш Қазақстанның үнін мен рухын әлем сахналарына алып шығуда.

5 қазан 2025 жыл – Madison Square Garden Шығыс пен Батысты жалғайтын көпірге айналған, ал қазақтың дауысы бұрын-соңды болмаған биікке көтерілген ерекше түн ретінде тарихта қалды.

Толық нұсқасын төмендегі сілтемеге өтіп оқи аласыздар:
https://nysmusic.com/2025/10/08/dimash-makes-history-at-madison-square-garden-with-a-triumphant-stranger-tour-performance/

Hoy Tamaulipas – Мексиканың маңызды мәдени және қоғамдық жаңалықтарды жариялайтын ақпараттық агенттігі.

«ДИМАШ ӨЗІНІҢ ҚҰДІРЕТТІ ДАУСЫМЕН MADISON SQUARE GARDEN-ДІ БАҒЫНДЫРДЫ»

Америкадағы алғашқы концерті шектеулерді жойды: таңғажайып дауыс, бейбітшілікке үндеу және әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің ықыласы.

Жарық сәулелер мен қуанышқа толы халықаралық атмосферада қазақ әншісі өз континенттік дебютін өнердің, бірліктің және үміттің символына айналдырды.

Алайда бұл тек көрініс қана емес еді. Концерт финалында алып экранда мынадай әсерлі сөздер бейнеленді:

«Диалог, өзара түсіністік және төзімділік мәдениетін кеңінен тарату – адамзаттың экономикалық, әлеуметтік, саяси және экологиялық мәселелерін жеңілдетудің маңызды жолы болмақ».

Осы сөздерімен Димаш концертті жай ғана музыкалық шоу деңгейінен биік көтеріп, өнердің әр түрлі халықтарды жақындастыратын ұлы күш екенін еске салды.

Толық нұсқасын төмендегі сілтемеге өтіп оқи аласыздар:
https://www.hoytamaulipas.net/notas/601826/Dimash-conquista-el-Madison-Square-Garden-con-su-voz-celestial.html

Соңғы жаңалықтар

Уругвайдағы Димаштың жанкүйерлері балалар мен әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға қолдау көрсету мақсатында екі түрлі қайырымдылық шара ұйымдастырды

Димаш Құдайбергеннің Уругвайдағы фан-клубы балаларға және әлеуметтік тұрғыдан осал жандарға көмек көрсетуге бағытталған бірқатар қайырымдылық іс-шаралар өткізді. Бұл бастамалар...

Димаштың портреттеріне арналған Берлиндегі көрме «Сәби» қоры үшін 1000 еуродан астам қаражат жинады

Берлинде өткен Димаш Құдайбергенге арналған жеке көрме Қазақстанның «Сәби» қайырымдылық қорына 1000 еуродан астам қаражат түсірді. DimashNews редакциясы көрме...

Димаштың мексикалық жанкүйерлері су тасқынынан зардап шекккен Веракрус тұрғындары мен Халықаралық көші-қон ұйымына қолдау көрсетті

15 қараша күні Димаш Құдайбергеннің мексикалық жанкүйерлері қайырымдылық мақсатында қаржы жинау акциясын өткізіп, оның нәтижесінде 8 400 мексикалық песо...

Димаш Құдайберген Берлин телеарнасына сұхбат берді

14 қарашада Берлиндегі жеке концерті аяқталғаннан кейін Димаш Құдайберген TV Berlin телеарнасына сұхбат берді. Осы ғаламат концерт үшін мың алғыс....

Димаш Құдайберген Мысырдағы концертінің алдында сұхбат берді

30 қарашада Гиза қаласында өтетін «The Pyramids Echo» фестивалі аясында Димаш Құдайберген екі сағаттық жеке концерт қояды. Мысырдағы жаңа...